
Облыстық әкiмдiкте еңбек ардагерi, мемлекет қайраткерi, экономика ғылымының кандидаты Иван Чиркалиндi құттықтау шарасы өттi.
Мерейтой иесiн бiрiншi болып облыс әкiмi Құмар Ақсақлов құттықтады.
«Бүгiн бiз мемлекет қайраткерi, экономика ғылымының кандидаты, бiрнеше мақала мен жарияланымдардың авторы Чиркалин Иван Федоровичтi 70 жасқа толуымен құттықтаймыз!
Құрметтi Иван Федорович! Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан зор үлесiңiз, туған жердiң тағдырына бейтарап қарамағаныңыз үшiн алғыс айтамыз. Құрметтi демалыста болсаңыз да, Сiз бiздiң елiмiздiң игiлiгi үшiн еңбек етудi жалғастырудасыз, баға жетпес тәжiрибеңiз бен бiлiмiңiздi қазақстандықтардың жас ұрпақтарына берiп келесiз. Сiзге мықты денсаулық, оптимистiк, сарқылмас күш-қуат пен жетiстiктер тiлеймiн», — дедi өңiр басшысы.
Құттықтау кезiнде Құмар Ақсақалов той иесiне картина мен гүл шоқтарын табыс еттi. Мерейтой иесiн облыс әкiмi аппаратының бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Зинаида Беева, облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ескендiр Елеусiзов, еңбек ардагерi, ҚР Парламентi Сенатының IҮ-Ү шақырылымдарының депутаты, экономика ғылымының докторы Анатолий Башмаков, еңбек ардагерi, Солтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы Құдайберген Қалиев, Петропавл қаласының Құрметтi азаматы Александр Липовой құттықтады.
Иван Федорович еңбек жолын комбайншы, тракторшы, құрастырушы болып бастады. Армиядан кейiн С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын аяқтап, «инженер-экономист» мамандығын алып шықты, экономика ғылымының кандидаты атанды.
1991 жылдан бастап Солтүстiк Қазақстан облыстық атқару комитетiнде экономика бойынша комитет төрағасының қызметiн атқарды.
1993-1996 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгi басшысының орынбасары, Экономика жөнiндегi комитеттiң төрағасы, СҚО әкiмiнiң орынбасары болып еңбек еттi,
1999 жылдан 2012 жылға дейiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты болып сайлданды, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң экономикалық реформа және өңiрлердi дамыту комитетiнiң төрағасы, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң аграрлық мәселе бойынша комитетiнiң хатшысы қызметтерiн атқарды.
Ивана Федорович көптеген наградалармен марапатталған, оның iшiнде «Парасат» (2001) пен III дәрежелi «Барыс» (2008) ордендерi бар.