
Петропавлда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өттi.
Сала қызметкерлерiн кәсiби мерекемен Солтүстiк Қазақстан болысы әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады.
«Тәуелсiздiк алған күннен бастап Ел Президентi мемлекеттiң қауiпсiздiгi мен тыныштығын басты назарда ұстады. Елбасы «Елдiң тыныштығын, тұрақтылығын сақтау бәрiмiздiң қасиеттi борышымыз», — деп қауiпсiздiктiң маңызын атап өткен болатын. Бұл мiндеттi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi абыроймен атқарып келедi. Сiздердiң тәуелсiз Қазақстанның негiзiн қалаудағы, тұрақтылығы мен тұтастығын сақтаудағы еңбектерiңiз ерекше. Ұлт мүддесi үшiн аянбай еңбек етiп, табыстарға жете берулерiңiзге тiлектеспiн», — дедi Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, жиын барысында әрiптестерiн Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментiнiң басшысы генерал-майор Асқар Ақшаев құттықтады.
Салтанатты жиын барысында мiнсiз орындаушылық тәртiбi мен қызметтiк iс-қимылда қол жеткiзген оң нәтижелерi үшiн, сондай-ақ, ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң 25 жылдығына орай Солтүстiк Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен департаменттiң 8 қызметкерi марапатталды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне 25 жыл» мерекелiк медалi14 қызметкерге табысталды. Бұдан басқа, 2 қызметкер Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының Құрмет грамотасымен, тағы 4 ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы орынбасары грамотасымен марапатталды.
Жиын өңiрдiң шығармашылық ұжымдары өнер көрсеткен мерекелiк концертпен жалғасты.