
Солтүстiк Қазақстан облысының Мамлютка қаласында ұлттық спорттың XXI-шi облыстық ойындары аясында Ақ бидай-2017» жазғы спорттық мерекесiнiң ашылуы өттi. Iс-шараға өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.
Мерекенi ашқан өңiр басшысы бiздiң облыста спортты дамытуға көп көңiл бөлiнетiнiн атап өттi.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев биылғы «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауында: «Болашағын айқындап, сын-қатерлердi күтiп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңiске жетедi», — деген болатын. Президентiмiздiң алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшiн бiзге мықты денсаулық, қажыр-қайрат, күш-жiгер, табанды еңбек қажет. Солардың барлығы осындай бiрлiгi мен ынтымағы жарасқан бейбiт күнде ғана шыңдалады. Бiздiң болашағымыз — саламатты өмiр салты. Осы тұрғыда бұқаралық спорт түрлерiнiң алатын орны ерекше», — дедi Құмар Ақсақалов.
Өңiр басшысы спартакиада қатысушыларына сәттiлiк тiледi.
Жарыс футбол, волейбол, баскетбол, велоспорт, үстел теннисi, жеңiл атлетика, шахмат, ауыр атлетика, еркiн күрес, дойбы, гiр спорты, Президенттiк көпсайыс, пневматикалық вентовкадан ату мен бокс сияқты 16 спорт түрiнен өтедi.
2016 жылы спартакиада Жамбыл ауданында өттi. Ал 2018 жылы «Ақ бидай» ойындары М. Жұмабаев ауданында өтетiн болады.
Iс-шараның соңында мерекелiк от шашу мен дискотека ұйымдастырылды. Спартакиадың жабылуы 2017 жылдың 15 шiлдесiнде өтедi.