ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстiк Қазақстан облысында болды

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстiк Қазақстан облысында болды

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары аясында бiрiншi кезекте «Петропавл» халықаралық әуежайының қайта жаңарту және болашақта транзиттiк әлеуетiн дамыту барысымен танысты.

Облыс әкiмiнiң орынбасары А. Федяев әуежай терминалы ғимараты мен ұшу-қону жолағына жүргiзiлген қайта құру жұмысы туралы айтып, ендi нысанның әуе кемелерiнiң кез келген түрлерiн қабылдай алатындығына тоқталды. Бұдан басқа, әуежай перронын кеңейту мен кiреберiс автожолды жөндеу жоспарлануда.

Петропавл әуежайын қайта жаңғырту Ресей Федерациясының Қорған, Омбы, Түмен облыстарымен шектесетiн Солтүстiк Қазақстан облысының транзиттiк әлеуетiн тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Әуежай басшылығы жолаушылардың тұрақты авиарейстер санын көбейтудi, транзиттiк және жүк тасымалдау рейстерiне қызмет көрсетудi қарастыруда.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев солтүстiкқазақстандық көпбейiндi аграрлық кәсiпорын «Зенченко және К» КС жүмысымен танысты, онда мемлекеттiң қолдауымен, оның iшiнде АӨК дамыту мемлекеттiк бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге арналған жобалар жүзеге асырылған.

Серiктестiк директоры Г. Зенченко Бақытжан Сағынтаевқа ауыл шаруашылығында қолданылатын технологиялар мен шығаратын өнiм түрлерi жайында айтып бердi.

Агроқұрылымның жалпы егiстiк алқабы 26,6 мың гектарды құрайды. Астықтан басқа майлы дақылдар, картоп пен жемазықтық дақылдар өсiрiледi. Одан басқа, шаруашылық мал шаруашылығымен және сүт өнiмдерiн өндiрумен айналысады.

Серiктестiкте өнiмнiң бәсекелестiгiн көтеру және кәсiпорынның өнiмдiлiгiн арттыру бойынша шаралар жүзеге асырылған. Өндiрiстiк процестер автоматтандырылған, заманауи технологиялар енгiзiлуде, қажеттi минеральдық тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдар пайдаланылады.

Ауылдықтар, оның iшiнде «Зенченко және К» КС еңбеккерлерi үшiн спорттың әрбiр түрлерiмен айналысуға арналған және қажеттi құрал-жабдықтармен жарақтанған дене тәрбиесi және сауықтыру кешенi салынған.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары аясында Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылында Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiмен кездесу өттi.

Кездесу барысында ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрi А. Мырзахметов АӨК мемлекеттiк бағдарламасын дамытудың бiрiншi жартыжылдықтағы қорытындысы жайлы баяндады.

Үкiмет қабылдаған шаралар мен демеуқаржыландырудың жаңа тетiктерi нәтижесiнде үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 3,1%-ға, ал азық-түлiк тағамдары өндiрiсi 7,5%-ға өстi. Дәндi дақылдар саласының рентабельдiлiгiн артыру бойынша қолданылған шаралар 2017 жылы егiстi 1,5 есе сапалы тұқымдармен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Элиталық тұқымдарды пайдалану 40%-ға өстi, ал сапасы төмендердi қолдану 2 есе азайды. Тұқым шаруашылығының материалдық-техникалық базасын түбегейлi өзгерту үшiн 2018 жылдан бастап тұқым шаруашылығына жұмсалатын шығын нормативiн 50%-ға өсiру жоспарлануда. А. Мырзахметовтiң сөзiне қарағанда, осының өзi таяудағы үш жылда барлық техника қажеттiлiгiн жоюға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, А. Мырзахметов бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ет өндiру 5,2%-ға, сүт — 2,9%-ға өстi. Ондай өсiмге, ауылда кооперциялауды енгiзу бойынша қолданылған ынталандыру шарасы, сол сияқты мал шаруашылығын демеуқаржыландырудың тиiмдiлiгiн арттыру әсер еттi.

Мал шаруашылығын мемлекеттiк қоллау өлшемiн өзгерту сол қаражат аясында демеуқаржы алушылар санының бiрнеше есе өсуiне мүмкiндiк бердi. Бұрын етке демеуқаржы алатындар өндiрiстiк бордақылаумен айналысатын 175 тауарлы шаруашылық болса, қазiр 522 шаруашылық қамтылды немесе 100%. Нәтижесiнде ет өндiрiсiнiң көлемi 40%-ға өседi деп күтiлуде.

2017 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жоспардағы 326-нiң орнына 487 кооператив құрылды, оның 168-i — сүт бойынша, 261-i — ет бойынша.

26,2 мың басқа арналған 1580 отбасылық бордақылау алаңы құрылды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң тауарлы өндiрiсiне 53,5 мың ЛӨШ мен шағын фермерлiк шаруашылықтар тартылды.

Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылындағы кездесуде ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiмен АӨК-нiн жаңа мемлекеттiк бағдарламасын дамыту барысы жайын талқылады.

Президент Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Үкiметтiң жұмысы Қазақстанның ең iрi аграрлық экспорттық өнiм өндiретiн елге айналу мәселесiн шешуге бағытталған.Осы мақсатта жыл басында ауыл шаруашылығының негiзгi тетiктерiн қолдауды қарастыратын мемлекеттiк АӨК дамыту бағдарламасы қабылданды.

Үкiмет саланың бәсекелестiгiн дамыту үшiн жағдай жасауда. Соңғы 5 жылда тура мемлекеттiк қолдау 3 есе өстi, егiннiң шығымдылығы мен еңбек өнiмдiлiгiн арттыру үшiн жүйелi шаралар қабылдануда. Демеуқаржыландырудың жаңа үлгiсiн енгiзу нәтижесiнде егiс көлемiн сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету және тыңайтқыштар қолдану 1,5 есе өстi.

Экспорттық әлеуеттi көтеру үшiн «Азық-түлiк корпорациясы» АҚ сыртқы нарықта отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жылжыту жөнiндегi оператор болып қайта ұйымдасты. Мемлекет басшысының келiсiмдерi арқасында шетелдiк нарықтарға жол ашылды, оның iшiнде ҚХР, БАӘ, Иран және басқалары.

АӨК саласында мемлекеттiк қызмет көрсету процесi оңтайландырылуда, құжаттардың мерзiмi мен тiзiмi қысқаруда, қайталама процедуралар жойылуда. Үстiмiздегi жылы демеуқаржыландырудың үш түрiн автоматтандыру қарастырылған, келесi жылы оның 15 түрi бойынша жұмыс аяқталады.

Мемлекеттiк АӨК бағдарламасын бiрiншi жартыжылдықта жүзеге асырудың қорытындысы туралы ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрi А.Мырзахметов баяндады. Ауыл шаруашылығы өнiмдiрiнiң жалпы көлемi өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 3,1%-ға өстi. Осы жағдайда мал шаруашылығы өнiмдерi де 3,1%-ға көбейдi, өсiмдiк шаруашылығы -2,2 %-ға, азық-түлiк тағамдары өндiрiсi — 7,5i%-ға артты.

Облыстың АӨК-нiң дамуы туралы СҚО әкiмi Қ. Ақсақалов айтты. Кеңестiң маңызды мәселесi бойынша «Мәмбетов және К» КС директоры Е. Мәмбетов, ҚР Ет одағының төрағасы М. Бақтыбаев, Картоп және көкөнiс шаруашылығы одағының төрағасы К. Бисетаев, Фермерлер одағының президентi А. Даринов, «Қазақстанның шошқа шаруашылығы одағы» қауымдастығының төрағасы В.Лим, «Зенченко және К» КС директоры Г. Зенченко өз ойларын ортаға салды.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер импорт және экспорт саясаты, мал шаруашылығындағы ветринарлық қауiпсiздiк, өсiмдiк шаруашылығындағы демеуқаржыландыру және сақтандыру, жанармаймен және тыңайтқышпен қамтаасыз ету жайында ұсыныстар жасады.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев кеңестi қорытындылай келiп, ҚР Ұлттық экономика министрлiгiне ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мен отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндiрушiлерге салық салу мәселесiн қарауды тапсырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi демеуқаржыландыруды әрi қарай дамыту тетiктерi мәселесiне бақылау жасауы қажет. «ҚазАгро» холдингiне аграршылар ұсынған инвестициялық жобаларды қарауды тапсырды.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП өңiрлiк кеңесiнiң мүшелерiмен шағын және орта бизнестi дамыту және бизнес ортаны жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру мәселелерiн талқылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкiмет отандық бизнестi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау бойынша кешндi жұмыс жүргiзуде. Қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары қабылдануда, заңнамалық база жетiлдiрiлуде.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев бизнес ортаны қайта реттеу бойынша атқарылатын шараларға толығырақ тоқталды. Рұқсат ету саны 3 еседен астам қысқарды, бақылаудың 114 саласы мен қадағалаудың 18 саласы қайта қаралды. Заңнамадағы бизенестiң мемлекеттiк органдарға есеп пен мәлiмет беруi бойынша мiндеттерiне тексеру жасау басталды. Қабылданған шаралар нәтижелерiнiң бiрiншi кезеңiнде бизнес үшiн ақпараттық талаптардың 30%-ға қысқарғаны жатады.

Ауыл шаруашылығында қолдаудың барлық негiзгi шаралары мемлекеттiк АӨК дамыту бағдарламасында қарастырылған. Оның iшiнде — қаржылық тетiктер, жер ресурстарын тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау, ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етудi жақсарту, сауда-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту және ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету.

Үкiмет жоспарлы салықтық тексерулер санын қысқарту бойынша жүмыстар жүргiзуде, сатып алу саласы жетiлдiрiлуде және жергiлiктi мазмұндағылардың үлесiн көбейтуге арналған шаралар қабылдануда.

Экономикада мемлекеттiң қатысуын қысқарту мақсатында жекешелендiру процестерi жеңiлдетiлген, мемлекеттiң немесе квазимемлекеттiң қатысуымен ЖШС үлесiн сатып алудың басымдық құқығы жойылған. Ол жекешелендiру процесiнде бизнестiң қатысуын белсендi ете түспек және кәсiпкерлердiң жаңа түптердi иеленуiне мүмкiндiк бермек.

Үшiншi жаңғырту аясында да бизнес үшiн жаңа мүмкiндiктер ашылуда, экономиканың жаңа салалары, жаңа индустриялар құрылуда, қызмет, туризм, «жай заттардың экономикасы» салалары белсендi дамуда.

Шағын және орта бизнес саласындағы ағымдағы жұмыстар жайында «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Н. Алтаев баяндама жасады. Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы кеңесiнiң өкiлдерi маңызды мәселелердi көтердi.

«Екпiн-2002» ЖШС директоры Е. Әбиев, «Атай СК» ЖШС-нiң құрылтайшысы Т. Қожахметов, «Арқалық» ШҚ жетекшiсi Н. Барлыбаев, «Арт Строй» ЖШС директоры И. Валишин, «Барс Норд»ЖШС-нiң бас директоры В. Богданов, «Радуга» ЖШС-нiң бас директоры Д. Шарапаев құнарлы жұмыспен қамту жаппай кәсiпкерлiктi дамытубағдарламасын жүзеге асыру мәселесiне байланысты сауалдар қойып, қаржылық және рұқсат ету тетiктерiн жетiлдiру жайында ұсыныстар жасады.

Көтерiлген мәселелерге байланысты ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрi А. Мырзахметов, Ұлттық экономика министрi Т. Сүлейменов, «ҚазАгро» мен «Бәйтерек»холдингтерiнiң басшылары түсiнiк бердi.

Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары кезiнде ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Петропавл қаласындағы тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және спорт нысандарының, инфрақұрылымдар мен инженерлiк коммуникациялардың құрылысымен танысты.

Спорт сарайында болған кезде облыс әкiмi Құмар Ақсақұалов Үкiмет басшысына Жамбыл көшесiндегi мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында атқарылып жатқан қайта жаңғырту жайында, МЖӘ тетiктерi арқылы Оқушылар сарайы мен Теннис орталығының құрылысы туралы айтып бердi.

2017 жылы облыс орталығында 1000 пәтердi пайдалануға беру жоспарлануда. Негiзгi құрылыс алаңы болып «Жас өркен» шағынауданын белгiленген, онда 500-дей тұрғын үй мен құрылыстар бұзылмақ. Олардың орнына екi жылда 2500 пәтерлiк 11 көппәтерлi тұрғын үй, Оқушылар сарайы мен Теннис орталығы салынады.

Әуежай перронын кеңейту, жолдарды күрделi жөндеу, көшелердi жарықтандыру желiлерiн қайта жаңарту бойынша ауқымды жұмыс атқару қажет. Екi жылда 28 көше мен 400 ауда аумағы жөнделедi.

Бұдан басқа, ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев облыс орталығында салынатын әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы нысандардың, қонақүйлердiң, ойын-сауық орталықтарының және мәдение-сауықтыру кешендерiнiң жобаларымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев СҚО iрi кәсiпорындарының басшыларымен қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн жаңғырту және дамыту мәселелерiн талқылады.

Оған дейiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев «ПАМЖЗ» АҚ-да болып, мұнайгаз және энергетика саласына, сол сияқты қорғаныс мақсатында құрал-жабдықтар әзiрлеу барысымен танысты.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Д. Жандарбек «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында кәсiпорынды дамыту болашағы және қызметi туралы Үкiмет басшысына айтып бердi.

Кездесуде iрi кәсiпорын басшыларымен технологиялық жаңғырту және өндiрiстi цифрлау, қорғаныс өнеркәсiбi кешендерiне 4,0 индустрияландыру элементтерiн енгiзу мәселелерiн талқылады.

Кеңесте ҚР Қорғаныс және аэрокосмос өнеркәсiбiнiң министрi Б. Атамқұлов, Инвестиция және даму министрi Ж. Қасымбек, СҚО әкiмi Қ. Ақсақалов, «ПАМЖЗ» АҚ-ның бас директоры Қ. Бишiмов, «Киров атындағы зауыт» АҚ-ның бас директоры М. Әбiлмәжiнов, «ЗИКСТО» АҚ-ның бас директоры В.Спицин, «Мүнаймаш» АҚ-ның бас директоры С. Пушкарев, «ЗМО» ЖШС директоры Н.Васильев және «Блок» ЖШС дире,кторы А. Сысоев өз ойларын ортаға салды.

СҚО Заречный ауылының тұрғындарымен кездесу кезiнде ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев жергiлiктi атқарушы органдардың және жауапты мемлекеттiк органдардың қатысуымен облыста су тасқыны қатерлерiн болдырмау мәселелерiн талқылады.

Президент Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкiмет елдi мекендердi су басуының алдын алу және ескертуге арналған жұмыстарды жүргiзуде.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев СҚО әкiмi Қ.Ақсақаловтың, ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Ю. Ильиннiң, ҚР АШМ Су ресурстары комитетiнiң төрағасы И.Әбiшевтiң баяндамаларын тыңдады.

Кездесу кезiнде Петропавл қаласының әкiмi М. Тасмағанбетов, Қызылжар мен Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандардың әкiмдерi Б. Жұмағұлов пен В. Дудов, Заречный мен облыс орталығының тұрғындары И. Брюхова мен Қ. Құрымбаев сөз сөйледi.

Осы мәселенi талқылау кезiнде облыста су тасқыны қатерлерiнiң алдын алу және ескерту бойынша нақты шаралар қарастырылды. Петропавлдағы Былғары зауыт аумағында қорғау бөгетi н қайта жаңғырту қолға алынбақ. Одан басқа, «Горькое көлi» мен «Биопруд» аумақтарындағы жинағыш бөгеттерiн жөндеу, Есiл, Сiлетi мен Қамысты өзендерiнiң арналарын тазарту қажет.