Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар және М. Жұмабаев аудандарында болды. Өңiр басшысы алдын ала жоспарланған бағыт бойынша бармағанын атап айту керек.
Әкiм ең алдымен Қызылжар ауданындағы Соколов ауылдық округiне ат басын тiредi. Онда өңiр басшысы Соколов орта мектебiне барды. Бүгiнгi күнi оқу орнында 265 оқушы бар. Құмар Ақсақалов үш залы бар мектеп мүражайын аралады. Спортзалда облыс әкiмi аудандық жарысқа дайындалып жатқан спортшылармен әңiгiмелестi. Ол облыс мектептерi арасында үлгiлiлердiң бiрi болып саналады. Жаңа оқу жылына әзiрлiк жұмыстары белсендi түрде жүргiзiлуде. Мектеп жанындағы шағын орталықта жөндеу жұмыстары атқарылуда. Ол 75 балаға шақталған.
«Бiз аудан әзiрлеген бағыт бойынша жүргемiз жоқ. Сондықтан әрбiр аудандағы кез келген мектепке соғатын боламыз. Жағдайдың қалай екендiгiн, жаңа оқу жылына қалай әзiрленiп жатқандығын байқаймыз. Жазғы лагерьлердiң қалай жұмыс iстеп жатқандығын, оның тиiмдiлiгiн көрсем деймiн», — дедi Құмар Ақсақалов.
Өңiр басшысы әлеуметтiк нысандармен қатар, елдi мекендердiң көркейтiлуiне де назар аударды. Облыс әкiмi Виноградов ауылдық округiнде жер алқаптарының пайдалану тиiмдiлiгiн тексердi. Тексеру барысында «Виноградов агрофирмасы» ЖШС-на жалға берiлген жердiң дұрыс пайдаланылмайтындығы анықталды. Серiктестiктiң құрылтайшысы Адам Богеев екен. Ондағы жер учаскелерiне арамшөп қаптап кеткен.
«Жер жақсы. Бiрақ онда жұмыс iстемейдi екенсiз. Сiз астық алмайсыз, ал адамдар еңбекақысыз қалады. Сiз сөйтiп мемлекеттiң мүлкiн тиiмсз пайдаланасыз. Ол дұрыс емес», — дедi облыс әкiмi.
Одан кейiн облыс әкiмi Қызылжар ауданының активiмен кездестi. Кездесу кезiнде ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрiншi жартыжылдықтағы қорытындысы талқыланды. Ол жайлы житналғандарға аудан әкiмi Болат Жұмабеков баяндады.
М. Жұмабаев ауданына сапар кезiнде өңiр басшысы Успен аулдық округiнiң аграршыларымен кездестi. Облыс әкiмi алқаптарда технологиялардың сақталуы мен ауыспалы егiстiк мәселесiне қызығушылық бiлдiрдi.
«Алқаптарды аралайтын боламыз. Қазiр пар деп отырған парларымыз барлық талаптарға жауап бермейдi. Соны бiрлесе тексеруiмiз керек»,- дедi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен әңгiмелескен кезде Құмар Ақсақалов.
Сосын өңiр басшысы ауылдың көркейтiлуiмен және егiстiк алқаптардың жағдайымен танысты.
«Шаруашылықтың, аудан әкiмдiгiнiң қалай жұмыс iстейтiндiгiн, жағдайды барынша бақылау үшiн қандай шаралар қолданып жатқандығын көрiп отырмыз. Бақылау үшiн ненi бақылау керектiгiн, қалай бақылау қажеттiгiн бiлу керек. Жүйелiлiк болмаса, жағдай өзгерiп кетуi мүмкiн. Жүйе соңына дейiн жұмыс iстемейтiндiгiн байқап, арнайы келдiк», — дедi аралаудың қорытындысын шығарған Құмар Ақсақалов.
Булаев қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша салынған 18 пәтерлiк жатақханамен облыс әкiмiн таныстырды. Жұмыс сапары М. Жұмабаев ауданы активiмен кездесумен аяқталды.