Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен облыс әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi өкiлеттi өкiлi болып Дулат Қаратайұлы Тайшабай тағайындалды.
Дулат Қаратайұлы 1979 жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданының Хмельницкое ауылында туған.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде, Солтүстiк Қазақстан заң академиясында құқық негiздерi және экономика, юриспруденция мамандықтары бойынша бiлiм алған.
2000 жылы еңбек жолын Тимирязев ауданының «Мичуринский» ЖШС-де экономист-заңгер болып бастады.
2001 жылы Петропавл қаласындағы «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының облыстық филиалында жетекшi маман қызметiн атқарды.
2001-2003 жылдары облыстық әдiлет басқармасының АХАЖ бөлiмiнiң бас маманы болды.
2003-2005 жылдары аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы соттары әкiмшiсiнiң сот атқарушысы болып қызмет еттi.
2005-2017 жылдары Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiң бас маманы қызметiнiң басқарма басшысына дейiнгi өсу жолынан өттi.
2016 жылдан осы тағайындауға дейiн Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiң мемлекеттiк қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болды.