Астанада «Экспо-2017» аясында СҚО-ның Мәдениет күндерi өтедi

Астанада «Экспо-2017» аясында СҚО-ның Мәдениет күндерi өтедi

Әкiмдiкте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң төрағалығымен аппарат кеңесi өттi, онда Астана қаласында «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесi аясында СҚО-ның Мәдениет күндерiн өткiзуге дайындық туралы мәселелер қаралды. Сол сияқты СҚО-ға шетел инвесторларын тарту бойынша Өңiрлiк кеңес өткiзуге арналған шаралар талқыланды.

Бiрiншi мәселе бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет ақпарат бердi. Астана қаласында «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесi аясында СҚО-ның Мәдениет күндерiн өткiзуге арналған дайындық жұмыстары туралы Мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басақрмасы басшысының м.а. Зәуре Нұрмұқанова баяндады. Астанадағы өңiрдiң Мәдениет күндерi 2017 жылы тамыздың 24-i мен 27-сi аралығында өтедi.

«Астанадағы Мәдениет күндерiн өткiзуге мәдениет саласының 400-ден астам өкiлi жұмылдырылады, оның iшiнде облыс пен қаланың шығармашылық ұжымдары, әншiлер, актерлер, сәндiк-қолданбалы өнердiң шеберлерi, қазақстандық эстраданың жұлдыздары бар», — дедi Зәре Талапкерқызы.

Тұтастай алғанда, Мәдениет күндерi екi негiзгi блокқа бөлiнген: экспозициялық-көрмелiк және театральды-концерттiк.

Қалалық «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық мәдениет кешенiнде киiзден, терiден, ағаштан, қабықтан, керамикадан, ұсталық iстен жасалған бұйымдардың көрме-жәрмеңкесi өтедi, олар киiз үйлер мен павильондарға қойылады.

«Атамекен. Бабалар жерi» тарихи мұражай көрмесi ұйымдастырылатын болады. Көрме келушiлердi солтүстiк өңiрдегi қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетiмен таныстырады. Мұражай қорынан алынатындар: аулаушы құстармен ұлттық аңшылықтың заттары, ат әбзелдерi, батырлардың қару-жарақтары, ерлер мен әйелдердiң киiмдерi, асхана керек-жарақтары, музыкалық аспаптар, солтүстiкқазақстандық суретшiлердiң картиналары», — дедi Мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының өкiлi.

Тұтастай алғанда, көрмеде 700-ден астам бұйым көрсету жоспарлануда. Көрменi тамашалаушыларға қолдан жасалған бұйымдарды сатып алуына, сол сияқты дәстүрлi қолданбалы өнерге арналған шеберлiк-сыныбына қатысуға мүмкiндiк берiледi.

Сонымен бiрге, Мәдениет күндерi аясында Астанада облыстың шығармашылық ұжымдарының мерекелiк концерттерi өтедi, соған орай театрлық қойылымдар әзiрленедi және «Қазанат» ипподромы аумағында әртүрлi спорттық сайыстар ұйымдастырылады, облыстық мұрағаттың «Қазақстанның жаңа тарихи белесi — Новые вехи истории Казахстана» көрмесi қойылады.

Астананың тұрғындары мен қонақтары Солтүстiк Қазақстанның киелi жерлерiнiң картасымен, латын тiлiндегi бiрегей құжаттармен, ақын Мағжан Жұмабаев туралы сирек кездесетiн материалдармен және т.б. таныса алады.

Өңiрдiң мәдени бағдарламасының негiзгi шарықтау шегi — «ЭКСПО-2017» көрме кешенiнiң «Амфитеатр» сауық-кешi алаңында өтетiн «Қызылжар елi — Жемчужина Қазахстана» гала-концертi болады. Оған Солтүстiк Қазақстанның жерлес жұлдыздары, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерлерi Азамат Жалтыргөзев пен Дәурен Глымов, одан басқа, «ЭКСПО» штабының қолдауымен қазақстандық эстраданың «Ринго» мен «Аюми» топтары қатысады.

Ақпаратты тыңдай келе, өңiр басшысы Құмар Ақсақалов бiздiң өңiрiмiзден шыққан артистердi республикалық деңгейге көтеру үшiн қолдау көрсету қажеттiгiн атап айтты.

«Бiздiң жұлдыздарды таңдаумен, насихаттаумен және жылжытумен айналысу қажет. Олар бар, оларға көмектесу керек, оларды тарту керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

25 тамызға жоспарланып отырған СҚО-ға шетел инвесторларын тарту бойынша Өңiрлiк кеңес өткiзуге арналған шаралар жайында Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов баяндады.

«Кеңестiң бағдарламасы пленарлық отырыстан, панельдi сессиялардан, өнеркәсiп және мәдениет нысандарының көрмесi мен оларды аралаудан тұрады. Пленарлық отырыстың бағдарламасы орталық мемлекеттiк ортгандардың, дипломатиялық корпустың және iрi шетел компаниялары өкiлдерiнiң сөз сөйлеуiнен тұрады», — дедi Жанат Ғаббасұлы.

Панельдi сессиялар мынандай тақырыптарға бөлiнедi: «Агроинвестиция — аграрлық секторды дамытудың әлеуетi», «ВИЭ — болашақты дамытудың перспективасы», «Стратегиялық шетел инвесторларының тартудағы ҚҒА рөлi».

Пленарлық отырыстың және әрбiр сессияның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келiсiмдерге қол қойылады. Сол сияқты В2В/G2B форматында кездесулер өткiзу қарастырылған, ол үшiн арнайы алаң бөлiнедi.

Шараға қатысушылардың жалпы саны 300-дей адамды құрайды.

«Бiздiң барлық инвестфорумдарымыз нәтиже беруге тиiс. Бiз оны кезектi шара ретiнде өткiзбеймiз. Әрбiр форумнан кейiн қандай идеялар пайда болғандығы, бiздiң осал жерiмiз қандай екендiгi, қайда, қандай салаға адамдарымызды тарта алатындығымыз жөнiнде сараптама жүргiземiз», — дедi өңiр басшысы Құмар Ақсақалов.

Отырыста сол сияқты басқарманың қаулы-жобалары қаралып, тиiстi шешiмдер қабылданды.