СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкiмдiктiң отырысы өттi. Кеңес барысында «Электронды қылмыстық iс», «Электронды әкiмшiлiк iс», «Құқықтық қызмет орталығы» жобаларының тұсаукесерi өтiп, сол сияқты 2017 жылғы 7 айдағы әлеуметтiк-экономикалық дамудың қорытындысы қаралды.
ҚР МК Құқықтық статистика және әлеуметтiк есеп жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының басшысы м.а. Махаббат Кәрiбайқызы «Электронды әкiмшiлiк iс», «Құқықтық қызмет орталығы» атты жаңа жобалар туралы айтып бердi.
«Азаматтар ҚР-ның негiзгi заңында бекiтiлген жүгiну институты арқылы мемлекеттiк басқаруға тiкелей қатысу мүмкiндiгiн иеленедi», — дедi М. Кәрiбайқызы.
2017 жылы 21 шiлдеде Астанада жеке және заңды тұлғалардың жүгiнулерiн қарауды ұйымдастыруда жүйелiлiктi қамтамасыз етуге арналған Құқық қорғау қызметiнiң орталығы (ҚҚО) құрылды. Жыл соңына дейiн ҚҚО-ны барлық облыс орталықтарында ашу жоспарлануда.
ҚҚО-ның негiзгi звеносы әлеуметтiк-экономикалық салада азаматтардың жүгiнулерiн, әкiмшiлiк өндiрiс мәселесiн, сотқа дейiнгi тергеу мен азаматтық және қылмыстық iстер бойынша болған сот актiлерiн қарауға арналған кезекшi прокурорлардың жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
ҚР МК Құқықтық статистика және әлеуметтiк есеп жөнiндегi комитетi «Электронды қылмыстық iс» модулiн әзiрледi, ол 3 кезеңнен тұрады. Модуль қылмыстық iстердiң барлық материалдарын электронды форматта қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Е- қылмыстық iс ұшқыр жобасы 2017 жылы 15 тамызда Жамбыл облысында iске қосылды, қыркүйекте оны ШҚО-да, БҚО-да, ОҚО-да, Атырау облысында жүзеге асыру жоспарлануда.
«Электронды әкiәмшiлiк iс» жобасы хаттаманы онлайн режимнiң базасына мәлiметтердiң түсуi арқалы электронды форматта құруға мұмкiәндiк бередi. Мобильдi қосымша Әдiлет министрлiгiнiң базасымен, IIМ-нiң автокөлiк құралдарын тiркеу базасымен және комитеттiң арнайы есептер мәлiметiмен бiрiккен.
Осылай жасалған электронды хаттамаға iшкi iстер органдарының қызметкерi электронды-санды қол қойып, ол нақты уақыт режимiнде базаға түседi. Аталмыш ұшқыр жоба Астана қаласының IIД-де iске қосылды. Елiмiздiң басқа өңiрлерiнде аталмыш жоба 2018 жылғы қаңтардан бастап жұмыс iстей бастайды. Бұл жұмыс құқық қорғау жүйесiне, атқару жүйесiне тұрғындардың сенiм деңгейiн көтеру мақсатында жүргiзiлуде. Бiз қызмет көрсету бойынша өз жұмысымызды үнемi жетiлдiрiп отыруға тиiспiз дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.
Әкiмдiк отырысында СҚО статистика департаментi бастығының м.а. Қуанышбек Қалижанов сөз сөйледi. Оның айтуынша, 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша СҚО республиканың 16 өңiрi iшiнде өнеркәсiп көлемiнiң өсiмi бойынша 4-орынды, тұрғын үй салу бойынша 6-шы орынды, инвестициядан — 8-шi орынды, ауыл шаруашылығынан 9-шi орынды, тұтыну бағасының индексiнен 11-шi орынды қамтамасыз еттi. Статистиканың жедел мәлiметi бойынша, есептi кезеңде тұрғын үй пайдалануға берудiң өсiмi 32,1%-ды негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 8,1%-ды құрады. Жетi айда СҚО-да 81,2 млрд. теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмi шығарылды. НИК — 101,9%. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi есептi кезеңде 78 млрд. теңге болды.
Қызметкерлерге есептелген орташа айлық еңбекақы 99930 теңгенi құрады, 2016 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда өсiм 5,9%. Нақты еңбекақы индексi 97,4% болды. Облыстың аудандары арасында ең жоғары еңбекақы Қызылжар (96971 теңге) және М. Жұмабаев аудандарында (90624 теңге) байқалды.
Кеңес барысында Президенттiң өңiрлердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселесi бойынша өткен кеңесте берген тапсырмасын орындау және мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерi талқыланды. Соған орай нақты тапсырмалар берiлдi.
Сол сияқты СҚО әкiмдiгi мүшелерiнiң қарауына ұсынылған қаулылардың жобалары талқыланды.