Петропавлда «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы — бiлiмге салым» тақырыбында облыстық педагогтардың тамыз кеңесi өттi.
Бiлiм жүйесiн дамыту саласындағы өзектi мәселелердi талқылауға Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.
Бiлiм басқармасының басшысы Гүлмира Кәрiмова, Ғ. Мүсiрепов атындағы бiлiм бөлiмiнiң басшысы Серiк Алтаев, «Солтүстiк Қазақстан» газетiнiң бас редакторы Жарасбай Сүлейменов, сол сияқты ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Стратегиялық жоспарлау және үйлестiру департаментi директорының орынбасары Бақтияр Мәлiков атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мiндеттердi баяндады.
Кеңес барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов бiлiм саласының бiрнеше бағыты бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi.
Мысалы, өңiр басшысы колледждер мен ЖОО-лардың әрбiр түлегiнiң әрi қарай жұмысқа орналасуын қадағалау және жастарды мемлекеттiк жұмыспен қамту бағдарламасына тарту қажеттiгiн атап айтты.
«Түлектердi жұмысқа орналастыру мәселесi өзектi болып табылады. Бiлiм басқармасы мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруға ерекше назар аударуы керек. Ол бiрiншi кезекте қажет етiлетiн мамандық болуға тиiс. Дуалды оқыту бойынша мамандықтар тiзiмiн кеңейту қажет және жастарға қажет етiлетiн мамандықтарды ұсыну керек. Облыста бiрде-бiр жұмыссыз жас адам болмауға тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.
Содан кейiн облыстың бiлiм жүйесiнде атқарылып жатқан жұмыстар туралы СҚО бiлiм басқармасының басшысы Гүлмира Кәрiмова айтып өттi.
«Конференция аясында 15 тамызда Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасы бойынша Назарбаев Зияткерлiк мектебi базасында 29 пәндiк лекция өтiп, оған қатысқан 1500-ден астам педагог диалог алаңында тұғырлы ұсыныстарды жинақтау және аталмыш тақырыпты жүзеге асыру үшiн өзектi мәселелер мен инновацияларды талқылады. Барлық бiлiм беру жүйесiнiң негiзiне мектепке дейiнгi тәрбие мен оқу алынады. Бүгiнгi күнi облыста мектепке дейiнгi ұйымдар желiсi сандық жағынан да және сапалық тұрғыдан да дамуда», — дедi Г. Кәрiмова.
Бұдан басқа, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Стратегиялық жоспарлау және үйлестiру департаментi директорының орынбасары Бақтияр Мәлiков, «Солтүстiк Қазақстан» газетiнiң бас редакторы Жарасбай Сүлейменов, «Жолдасбай-Агро»ЖШС фермерлiк шаруашылығының директоры Серiк Жолдасбаев сөз сөйледi.
Өз сөзiнде Бахтияр Мәлiков облыстағы мектепке дейiнгi тәрбиенi дамыту мен оқытуға назар аударды.
«Бiлiмнiң барлық жүйесiнiң iргетасы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту екенiн жақсы бiлесiздер. 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 3-тен 6 жасқа дейiнгi балалар мектепке дейiнгi бiлiммен толық қамтылған. Осы жағдайда облыста балаларды ерекше бiлiм беру қажеттiлiгiне оқыту үшiн кедергiсiз орта қалыптастыру қажет. Ол арнайы педагогтар, оқу-әдiстемелiк әдебиет, материалдық-техникалық база», — дедi Бақтияр Мәлiков.
Тамыз кеңесiнiң соңында 6 адам облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды, 3 адамға облыс әкiмiнiң алғыс хаты берiлдi.
С. Мұқанов атындағы Тимирязев мектеп-гимназиясы «Орта бiлiмнiң үздiк ұйымы» атағына ие болды. Одан басқа 40 мұғалiм облыс әкiмiнiң сыйлығын алды, сол сияқты 16 жас маманға облыс әкiмiнiң тiлегi берiлдi.
Тамыз конференциясы аясында өңiр басшысы «Start-ap» жобасының, «СҚО бiлiмiнiң 100 жаңа есiмi», «STEM-бiлiм — бiлiм берудегi негiзгi трендтердiң бiрi» көрмелерiн тамашалады.