СҚО-да орақ науқаны мәре алды

СҚО-да орақ науқаны мәре алды

Солтүстiк Қазақстан облысында «2017 жылдың орақ науқанын ұйымшылдықпен өткiзу туралы» облыстық семинар-кеңес өттi. Оған өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Биыл Тайынша ауданында өткен алқап күнi дәстүр бойынша орақ науқаны басталар сәтте ұйымдастырылды. Өңiр басшысы шара аясында «Агрофирма Эксимнан» ЖШС-нiң алқаптарындағы егiннiң жағдайымен танысты. Агроқұрылымның басшысы Төлеген Қонысбаев жұмыстың барысы туралы айтып бердi.

«Бiз жаппай орақ науқанына кiрiстiк, жасымықтың — 65%, арпаның — 30%-н жинадық. Бидайдың 2000 гектардайын дестеге түсiрдiк. Қарқынды тездету үшiн астықты жығып жатырмыз. Бидай таза, ол негiзiнен тура жинауға да келедi. Оның ылғалдылығы 30%-дан артық болған соң, дестеге түсiрiп жатырмыз», — дедi Төлеген Қонысбаев.

Серiктестiк басшысы жергiлiктi кәсiпорында шығарылған «SAMPO Asia» комбайнымен екiншi жыл астық жинап жатқанын да тiлге тиек еттi. Ол бұл комбайнның жаткасы әбебап екенiн, жасымықты жинауға кез келгенi жарамайтындығын атап айтты. Комбайнның тағы бiр артықшылығы — ол ылғалды астықты да жинай бередi.

Одан кейiн көрмеде облыс әкiмi Құмар Ақсақаловты «Қазтехмаш», «Avagro», «Петропавл трактор зауыты БК» ЖШС-ларының заманауи жоғары өнiмдi ауыл шаруашылығы техникаларымен таныстырды.

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер биыл орақ науқанында шығарушылар ұсынған бiздiң барлық параметрiмiздi тексеруi керек. Iс жүзiнде дизель отынын үнемдей ме, сапасы мен өнiмдiлiгi қандай? Өндiрушiлер айтқандай, өнiм жарнамаға сәйкес келетiн болса, бұл комбайнды барынша ұсынатын боламыз. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер аз ақшаға сапалы тауар және оған қосымша сервистiк қызмет алғаны керек», — дедi өңiр басшысы.

Осы жерде облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров агроөнеркәсiп кешенiнiң дамуы туралы айтып бердi

«Ауыл шаруашылығына 32 млрд. теңге инвестиция тартылды, ол өткен жылғыдан 23%-ға көп. Мемлекеттiң қолдауы 44 млрд. теңге болды. Бүгiн бiз соның 66%-н игердiк. Азық-түлiк тағамдарының өндiрiсi — 50 млрд. теңге, ол өткен жылғы сәйкес мерзiмнан 11%-ға көп», — дедi Айдарбек Сейпiлұлы.

АӨК-дегi баламалы энергияны дамытудың әлеуетi туралы облыс әкiмiнiң орынбасары Антон Федяев айтты. Оның айтуынша, бу қазандықтарына көмiрдiң орнына сабан қолданылады. Осы отынды қолдану қоршаған ортаға зиянды қалдықтар таратуды барынша азайтады.

«Петропавл ЖЭО-2-нi есепке алмасақ, облыс тұрғындары бiр жылда 410 мың тонна, бюджет мекемелерi — 173 мың, заңды тұлғалар — 153 мың, орталық қазандықтар — 47 мың тонна көмiр тұтынады. Барлығы жылына 780 мың тонна көмiр керек. Оны ауыстыруға 940 мың тонна сабан жетедi. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметi бойынша облыста 4 млн. тоннадан астам сабан қордаланады. Оның бiр бөлiгi алқаптарда үгiтiлiп, жердi құнарландыруға, бiр бөлiгi мал шаруашылығына пайдаланылады, ал 40 пайызын күз бен көктемде өртемей, отын ретiнде пайдалануға болады», — дедi Антон Владимирович.

«Бұл Биомассаның энергия көзi ретiнде пайдаланылатын ЭКСПО-ның нәтижесi, ал сабан дәстүрлi энергия көздерiнiң баламасы, сондықтан осымен айналысуымыз керек. Бiз 2 жылдың iшiнде 500 млн. теңгедей бюджет қаражатын үнемдеген болар едiк. Ол көп қаражат. Бiз осымен айналысамыз. Майлы дақылдар, зығыр, рапс егемiз. Олардың қалдығы еш жерде пайдаланылмай келдi, ендi оны отын ретiнде қолдану керек. Ол көп үнем, қалдықсыз өндiрiс», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Осы күнi Ильичевка ауылындағы «Тайынша-Май» ЖШС-да майды тазартатын жаңа цех iске қосылды.

Одан кейiн, облыстық семинар-кеңес аясында облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров 2017 жылдың орақ науқанын ұйымшылдықпен өткiзу туралы айтып бердi.

«Жедел мәлiмет бойынша 23 тамызға дейiн 400 мың гектар алқаптың дәндi дақылдары дестеге түсiрiлдi немесе 14%, оның 220 мың гектары бастырылды немесе 7,4%-ы. Жиналған астық 310 мың тонна, әр гектардан 14,1 центнерден өнiм алынуда. Осы уақытта 63 мың гектардың майлы дақылдары шабылды немесе 9%, 5,4 мың гектары бастырылды немесе 0,8%. Жиналғаны 4,3 мың тонна, гектар берекелiлiгi — 8 центнер», — дедi Айдарбек Сапаров.

Мал шаруашылығы саласында жыл басынан берi өнiм өндiрiсiнiң көлемi 2-ден 12 пайызға, мал саны 7 пайызға өстi.

2017 жылдың 7 айында 26,4 мың тонна ет өндiрiлiп, 5,2 мың тоннасы ұқсатуға жiберiлдi немесе 20%-ы. 322,7 мың тонна сүт сауылып, 110 мың тоннасы өңдеуге жiберiлдi немесе 34%-ы.

2017 жылдың орақ жұмыстарын жүргiзудiң ерекшелiгi туралы «Солтүстiк Қазақстан тәжiрибе станциясы» ЖШС директоры Белгiбай Қанафин ақпарат бердi.

«Үстiмiздегi жылғы көктемгi ылғал қоры ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуiне және дамуына қолайлы жағдай жасады. Жауын-шашынның орташа айлық көлемi 52 мм. болды. Ол ұсынылған себу мерзiмiнiң ауытқуына әсер еткен жоқ», — дедi Белгiбай Қанафин.

Солтүстiк Қазақстан ауа райын болжау орталығының директоры Қымбат Мерғалымова өңiрде тамыздың үшiншi тоқсаны мен қыркүйек айларының ауа райы болжамы туралы сөз қозғады.

Семинар-кеңестi қорытындылай келiп, Құмар Ақсақалов майлы дақылдардың алқабын көбейту, еңбекақыны өсiру және салық төлеу, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, сол сияқты қосалқы шаруашылықтардың өнiмiн өткiзу жөнiнде аудандардың әкiмдерi мен агроқұрылымдардың басшыларына бiрқатар тапсырма бердi.

«Бiз тұрғындар өсiрген өнiмдi кооперативтер құру арқылы өткiзуге қол жеткiзуiмiз керек. Бiздiң мiндетiмiз — сiздермен бiрге барлық жағдайда адамдарға көмектесу», — дедi Құмар Iргебайұлы.