Солтүстiк Қазақстан облысында iшкi iстер органдары қызметкерлерi арасында өткен «Парасатты полицей» 8-шi дәстүрлi республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.
Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң бастамасымен өтiп отырған байқаудың мақсаты — iшкi iстер органдарында тiл саясатын насихаттау, полицейлердi отансүйгiштiк рухқа тәрбиелеу, тiлге деген құрметiн арттыру, қызметте және отбасында мемлекеттiк тiлдiң қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ полиция мамандығының мәртебесiн көтеру.
Биыл «Парасатты полицей» байқауына әртүрлi ұлт өкiлдерiнен құралған 95 полиция қызметкерi қатысты. Қазақстанның барлық облысынан жиналған 19 команда байқауда түрлi творчестволық тапсырмаларды орындау арқылы өздерiнiң алғырлықтарын, актерлiк қабiлеттерiн паш еттi. Кәсiби терминдер, мемлекеттiк тiлде сөйлемдердi дұрыс әрi әдемi құрау бойынша бiлiктiлiктерiн сынға салу кезiнде командалар өздерiнiң жоғары дайындығын көрсете бiлдi.
Байқаудың жабылу салтанаты мен жеңiмпаздарды марапаттауға Iшкi iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары Марат Демеуов, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.
«Iшкi iстер органдары қызметкерлерi арасында «Парасатты полицей» байқауы полиция қызметкерлерiнiң бiлiмi мен тәжiрибесiн анықтайтын маңызды сайысқа айналып отыр. Солтүстiк Қазақстан жерiнде өтiп жатқан байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берiк мемлекеттiк тiлiмiздiң мәртебесiн көтеретiн тағылымы мол байқау да аяқталды. Өңiрiмiзде өткен дүбiрлi додадан жақсы көңiл-күй мен әсер алдыңыздар деген сенiмдемiн», — дедi Құмар Ақсақалов.
«Парасатты полицей» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешiмiмен бiрiншi орын алған Ақтөбе облысы IIД-нiң «Серт беремiз» командасы үздiк танылды. Екiншi орынды Ақмола облысы IIД-нiң «Көкше сақшылары» мен Жамбыл облысы IIД-нiң «Тараз қырандары» командалары өзара бөлiстi, ал үшiншi орын Маңғыстау облысы IIД-нiң «Каспий» және ҚР IIМ Қостанай академиясының «Қабылбаев ұрпақтары» командаларына бұйырды.
Бұған қоса, 6 номинация бойынша келесi командалар жеңiмпаз танылды: