Астанада Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет күндерiнiң гала-концертiн 5 мыңнан астам адам тамашалады

Астанада Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет күндерiнiң гала-концертiн 5 мыңнан астам адам тамашалады

Астанада 11 күнге жалғасқан Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет күндерiнiң шарықтау шегi «Қызылжар елi — Қазақстанның маржаны» атты гала-концертi болды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi аясында өткен концерттi 5 мыңнан астам адам тамашалады.

«400-ден астам әртiс Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшiн өнер көрсеттi. Бағдарлама Солтүстiк Қазақстан облысының ең үздiк ұжымдарымен жасалды. Барлық әртiстер өз шығармаларын үлкен ықыласпен орындап шықты», — деп атап өттi СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Ермек Рақымов.

Музыкалық кеш «Туған жер» және «Әдемi-ау» атты танымал ансамбльдердiң «Болашақ энергиясы» хореографиялық композициясынан басталды. Өздерiнiң энергиясымен және қимыл-қозғалыстарының жеңiлдiгiмен ұжымдар көрермендерде үлкен әсер қалдырды.

«Бұл әсерлi концерт болды. Басталғаны жаңа, ал бiз керемет әсер алып отырмыз. Келгенiмiзге өкiнген жоқпыз», — дедi өз әсерiмен бөлiскен көрермен Мария Павлова.

Сондай-ақ концертке Солтүстiк Қазақстан облысының тумалары, ҚР еңбек сiңiрген қайраткерлерi Азамат Жылтыргөзов пен Дәурен Ғылымовтар қатысты. Азамат Жылтыргөзов Бақыт Iлиясовпен, Ермек Бiрiмжановпен және Руслан Мустафинмен бiрге «Севильский цирюльник» шығармасынан Фигаро каватинасы композициясын орындады. Солистердiң дауыстарының тембрi мен диапазонын естiген көрермендер туындыны қайта орындауды сұрап, шапалақ ұрды.

Жиналған қауым үшiн ерекше тосынсый Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Жәмилә Серкебаеваның өнер көрсетуi болды. Ол Солтүстiк Қазақстан облысының тумасы, Социалистiк Еңбек Ерi, КСРО халық әртiсi Ермек Серкебаевтың есiмiне арнап энергия мен толғанысқа толы «Поппури» композициясын орындады.

Жұлдыздардың қатарында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары да болды. Өздерiнiң тартымды нөмiрлерiн хореографиялық балалар ансамблi мен құлағында мүкiсi бар балалардан құралған Қазақстандағы жалғыз ансамбль «Sensetive» ұсынды.

Концертке сонымен қатар, Солтүстiк Қазақстанның жас өнер иесi Әмина Жапар да қатысты. Ол 2017 жылы Сочиде өткен «Новая волна» халықаралық байқауының балалар фестивалiнде елiмiз намысын қорғаған болатын. Гала-концертте Әмина Тина Тернердiң «The simple the best» әнiн шырқады. Дарынды қыз өз дауысымен залға жиналған көрерменнiң жүрегiн жаулап алды. Оған дәлел — тоқтаусыз соғылған шапалақтар. Ал «Ринго» мен «Аюми» топтары жастардың көрiгiн қыздырды.

Солист Бiржан Есжанов пен мерекелiк бағдарламаға қатысушылардың «Жерiм менiң» композициясын орындауы гала-концерттiң соңғы әрi жарқын нөмiрi болды.