
27 қаңтарда облыс әкiмi Құмар Ақсақалов азаматтарды онлайн қабылдау өткiздi. Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары өз сұрақтарымен аймақ басшысына жүгiндi.
Қанат Ережеповтың айтуынша, Мүсiрепов ауданындағы Чистополье ауылының тұрғындары «Чистополье-2» ЖШС құрылтайшыларынан шығуды жоспарлап отыр. Бiрақ ЖШС-нен кетiп, жер үлесiн қайтарып алу үшiн бiрқатар процедуралардан өту керек. Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ауыл тұрғындарына көмектесудi тапсырды.
Осыдан кейiн Айыртау ауданы, Светлое ауылының тұрғыны Бақытбек Дүйсенов облыс әкiмiне сұрағын қойды. Ауыл тұрғынының айтуынша, «Жарқын СК» ЖШС жалақы мен жер үлестерiн төлемей отыр. Бұл мәселе бақылауға алынды.