Орталық коммуникациялар қызметiнде «Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру» тақырыбында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiмен брифинг өттi.
Брифинг барысында Құмар Ақсақалов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қарқыны, ауыл мен мал шаруашылығының және әлеуметтiк саланың дамуы туралы айтып бердi.
Өңiр басшысының айтуынша, облыстың өзiндiк ерекшелiгi ауыл шаруашылығына байланысты. Өңiрде орақ науқаны мәре алды, агроқұрылымдар 4,2 млн. гектардың егiстiк алқабын жинап алуға тиiс. Бүгiнгi күнге дейiн астықтың 21%-ы бастырылды, гектар берекелiлiгi 14,7 центнерден айналуда.
«Астық өсiрудiң нәтижелi факторы — жердiң құнарлылығын артыруға арналған жұмысты тұрақты түрде жүргiзу, минералдық тыңайтқыштарды пайдалану. Үстiмiздегi жылы 94000 тонна минералды тыңайтқыш жеткiзiп беруге келiсiмшарт жасалды, ол өткен жылғыдан екi есе көп. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер негiзгi жалгерлер болып табылады», — дедi Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi.
Құмар Ақсақаловтың сөзiне қарағанда, облыста жердi пайдалануда тиiмдiлiк пен жауапкершiлiктi арттыруға арналған жұмыс белсендi жүргiзiлуде. Мысалы, егiстiк алқаптарын әртараптандыру өз нәтижесiн беруде. Биыл СҚО-да майлы дақылдар алқабы 39%-ға көбейдi.
«Бiз оны 712 мың гектарға жеткiздiк, дәндiбұршақты дақылдарды 2 есе көп септiк, оның iшiнде жасымықты, алғаш рет соя ектiк. Олар экспортқа бағдарланған жоғары рентабельдi дақылдар, сондықтан бiз оларды белсендi түрде дамытып отырмыз. Негiзгi астық себетiн үш өңiрдiң iшiнде дәндiбұршақты дақылдар егiсiнен СҚО-ның үлесi 60%-ды құрайды. Майлы, дәндiбұршақты дақылдардың өндiрiсi өткен жылға қарағанда осы дақылдардың жоғары рентабельдiлiгiн екi-үш есе өсiруге мүмкiндiк бередi.Келесi жылы майлы дақылдар алқабын 1 млн. гектарға жеткiзудi жоспарлап отырмыз», — дедi Құмар Iргебайұлы.
Өңiр басшысы мал шаруашылығы саласының белсендi дамып келе жатқандығы жайлы да ақпарат бердi. Осы сала жеке қосалқы шаруашылықтарда өндiрiлген өнiммен жыл бойы тұрғындардың 80%-н етпен, 70%-н сүтпен қамтамасыз етуде.
«129 мың жеке қосалқы шаруашылықтың 77 мыңы ғана мал мен құс ұстайды, яғни 60%-ы ғана. Бiз ауылдықтардың пайдалылығын арттыру үшiн, мемлекет әзiрлеген тетiктi пайдаланбақшымыз. Биыл 20 кооператив ашуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш кооперативтердi құру Мемлекет басшысының шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi тапсырысына сәйкес жүргiзiлуде, оған тиiстi қаражат бөлiнген. Бiздiң өңiрге — 1,7 млрд. теңге. Оның 1,5 млрд. теңгесi игерiлдi», — дедi Құмар Ақсақалов.
ОКҚ-дегi баспасөз мәслихаты кезiнде өңiр басшысы облыстағы машина жасау кәсiорындарының тапсырыс қоржыны 32,5 млрд. теңгенi құрайтындығын, өсiм 1,7 есе екенiн тiлге тиек еттi. Облыстағы 2 iрi зауытқа технолгиялық жаңғыртуға, яғни «ПАМЖЗ» АҚға 4 млрд. теңге, Киров атындағы зауытқа 2 млрд. теңге қаражат бөлу жөнiнде келiсiмге қол жеткiзiлгенi айтылды.
Өңiр басшысы инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi Инвесторлар кеңесiнiң III отырысының қорытындысына да тоқталды. Оның нәтижесi бойынша сомасы 100 млрд. теңгедей 20 меморандум мен келiсiмге қол қойылды. Құмар Ақсақалов СҚО-да машина жасау кластерiн салу аса iрi жоба болып табылатындығын, Shi Yan De Rui Gong Mao Co. Ltd. компаниясы 65 млрд. теңге инвестиция құюға әзiр екендiгiн атап айтты.
Өңiр басшысы облыс орталығында салынып жатқан «Жас Өркен» шағынауданы жайлы да сөз қозғады. Ол үшiн 500-ден астам ескi үйлер мен нысандар бұзылып, олардың орнына заманауи 2500 жаңа пәтер бой түзейтiн болады.
«300 орындық концерт залы, 150 орындық мәжiлiс залы, конференция залдары, IТ-технологиясы орталығы құрылатын төртқабатты Оқушылар сарайы салынатын болады. 4 корты жабық, 3 корты ашық әмбебап теннис орталығының құрылысы басталды. Заманауи биiк үйлер осы жерге көрiк беретiн болады», — дедi облыс әкiмi.
Орталық коммуникациялар қызметiнде өңiрлердiң басшылары облыстардың әлеуметтiк-экономикалық дамулары жайында есеп беретiндiгiн еске сала кетейiк. Бүған дейiн Қостанай, Оңтүстiк Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi есеп бердi.