Қазақстан Республикасының Конституция күнi қарсаңында Петропавл қаласында салтанатты жиын өттi. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов өңiр тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтады.
«Қоғамның өркендеуiне қарқын қосып, Қазақстан халқының бiрлiгiне жол бастаған Ата Заңда бекiтiлген конституциялық нормалар бүгiнде өзiнiң өмiршеңдiгiн дәлелдедi. Негiзгi Заңның принциптерiне сүйене отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Елбасы бiздiң алдымызға, ең алдымен, елдiң жаңа өмiр шындығы жағдайындағы жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi Ұлт жоспарын орындау сияқты аса маңызды мiндеттердi қойып отыр. Бiздiң Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуетi зор және ең батыл жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қабiлеттi. Солтүстiкқазақстандықтар өз болашағына сенiммен қарайды, себебi Ата Заңымыз кемел келешегiмiзге кепiлдiк бередi», — дедi өңiр басшысы.
Салтанатты жиын барысында облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан үлесi, қоғамның өмiрiне белсендi қатысқаны үшiн 4 солтүстiкқазақстандық Құрмет грамотасымен және 10 адам Алғыс хаттармен марапатталды.
Жиын қаланың шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелiк концертпен жалғасты.