Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов 29-шы Бүкiлдүниежүзiлiк Универсиаданың жеңiмпазы Айдар Қазовпен кездестi.
Биыл дәстүрлi жарыс Қытай Халық Республикасының Тайбей қаласында өттi.
Кездесудi ашқын өңiр басшысы бүгiн облыста спортты дамыту үшiн ауқымды жұмыс жүргiзiлiп жатқандығын атап айтты.
«Жазғы Универсиадаға Қазақстан құрамасы құрамында Солтүстiк Қазақстан облысының 3 өкiлi қатысты — ауыратлетшi Айдар Қазов, сол сияқты жеңiлатлетшiлер Михаил Литвин мен Екатерина Эктова. Бiздiң жерлесiмiз Айдар Қазаовтың алтын медалi солтүстiкқазақстандықтар үшiн қуанышты оқиға болды. Оның жеңiсi Қазақстан құрамасының медальдар қоржынын толықтырып, бiздiң мемлекетiмiздiң оң имиджiн қалыптастыруға зор үлес қосты және өскелең ұрпаққа жарқын үлгi болды», — дедi Құмар Ақсақалов.
Спортшыны сол сияқты спорт ардагерлерi Темiртас Әлжанов пен Виктор Бондаренко құттықтап, Айдарға жоғары спорттық жетiстiктер мен халықаралық ареналарда жеңiс тiледi.
Жоғары спорттық көрсеткiшi және 29-шы Бүкiлдүниежүзiлiк Универсиададағы жеңiсi үшiн облыс әкiмi Айдар Қазовқа Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлық табыс еттi.
«Бiзге көрсетiлiп жатқан барлық қолдау шекараның арғы жағында ерекше байқалады. Алдағы жоспарым — Дүниежүзi чемптонатына қатысу. Сiздердiң сенiмдерiңiздi ақтаймын ғой деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұдан да жоғары жетiстiктерге жету үшiн мұқият дайындалатын боламын, соған тырысамын», — дедi Айдар Қазов.
Бұдан басқа Солтүстiк Қазақстан облысының ауыр атлетикадан аға жаттықтырушысы — Айдар Қазовтың бiрiншi жаттықтырушысы Ерiк Әлiбаевтың еңбегi де аталды. Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жеңiмпаздың тәлiмгерiне Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс еттi.