«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы — облыс әкiмi Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдады.
«Iзғұтдин» ЖК директоры Сағынтай Iзғүтдин өңiр басшысына сабанмен су жылытатын қазандық өндiру жөнiндегi жобаны таныстырды.
«Қырық жылдан берi өндiрiспен және қазандық жасаумен айналысамын. Оған зығыр сабаны пайдаланылады. Қазандықтың құны 6 млн. 900 мың теңге», — дедi Сағынтай Iзғұтдин.
«Аталмыш қазандықтарды зерттеудi энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына тапсырамын. Техникалық кеңес оның қауiпсiздiгi мен жұмыс iстеу ұзақтығын тексеруi керек», — дедi Құмар Ақсақалов.
Одан кейiн «Қызылжар оранжереясы» МКК ботаникалық бағын таныстыру бойынша оның директоры Артур Рязапов пен бас агрономы Равиль Рязапов қабылдауда болды.
Қазiргi уақытта ерекше қорғалатын «Петропавл қаласының ботаникалық бағы» табиғат аумағын құру жөнiнде табиғи-ғылыми негiздеу жобасын әзiрлеуге арналған жұмыс жүргiзiлiп жатыр екен.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру бойынша табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiзге оң экологиялық сараптама қорытындысы жасалған жағдайда облыс әкiмдiгiне мемлекет меншiгiн сақтау арқылы аталмыш кәсiпорынды Жекешелендiрудiң кешендi жоспарынан шығару туралы ұсыныс жолданатын болады»,- дедi Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Сәдуақасов.
«СК-Максимум» ЖШС-нiң директоры Юрий Щеголев СҚО-ның автобус паркiн жақсартуға арналған ұсыныспен келiптi. Ол 2-3 iрiлендiрiлген кәсiпорын құруды ұсынады.
«Iрiлендiрiлген кәсiпорын құру еңбекақыны көбейтуге, қазынаға салық түсiмiн арттыруға, еңбек тәртiбiн күшейтуге мүмкiндiк бередi», — дедi Юрий Щеголев.
Өз кезегiнде, облыс әкiмi көлiк құралдарын жаңарту және жолаушылар тасымалдау үшiн жағдайды жақсарту қажеттiгiне назар аударды.