СҚО әкiмi Новоишимка ауылында жаңа пәтерлердiң кiлттерiн табыс еттi

СҚО әкiмi Новоишимка ауылында жаңа пәтерлердiң кiлттерiн табыс еттi

Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның орталығында 50 пәтерлi үй пайдалануға берiлдi. Нысан Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында салынды. Қоныстой иелерiн Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады.

«Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бiздiң мемлекетiмiздiң басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан сәйкес түрде қаржы бөлiндi және республикамыздың барлық жерiнде, оның iшiнде бiздiң облысымызда үлкен құрылыс жүрiп жатыр. Бұрын 3-4 жылда 1000 пәтер пайдалануға берiлетiн болса, қазiр ол меже бiр жылда атқарылады. Бұл үрдiс жыл сайын өсетiн болады. Қоныстой иелерiн осы тамаша оқиғамен құттықтаймын», — дедi өңiр басшысы.

Әрi қарай Құмар Ақсақалов салтанатты жағдайда жаңа қоныс иелерiне пәтерлердiң кiлттерiн табыс еттi. Тұрғын үй алғандардың iшiнде Амангелдi Дәрiпхан да бар. Ендi отбасымен олар жанға жайлы үш бөлмелi пәтерде тұратын болады.

«Бiз мұнда Алматы облысынан көшiп келдiк. Бұл жер бiзге ұнайды, өте тамаша қарсы алды. Балаларды мектеп пен балабақшаға орналастырдық. Өзiм музыка мектебiнде сабақ беремiн», — дейдi Амангелдi Дәрiпхан.

Үйдiң құрылысы өткен жылы басталған болатын. Оны «Солтүстiк құрылыс» ЖШС атқарып шықты.

Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына қатысушылар тұрғын үй иелерi атанып отыр. Бағдарлама аясында олар қайта даярлаудан немесе кәсiби оқудан, жастар тәжiрибесiнен өттi және әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасты.