СҚО әкiмi өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының кеңесiне қатысты

СҚО әкiмi өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының кеңесiне қатысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысының Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы кеңесiнiң мүшелерiмен кездестi. Шара барысында өңiр бизнесiнiң проблемалары мен оның дамытудың болашағы талқыланды.

«Жасырын тасымалдаушылардың жолын кесу үшiн Iшкi iстер департаментiмен бiрлескен жоспар қабылданды және оларды анықтау үшiн рейдтер өткiзiледi. Тарифтердi азайту және бұл бағыттарды жасырын тасымалдаушыларға пайдасыз қылу үшiн әлеуметтiк бағыттар бойынша облысiшiлк тасымалдауға 30 млн. теңге демеуқаржы бөлiндi. Бұрын ауданiшiлiк бағыттар ғана демеуқаржыландырылатын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Нәтижелi жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына кредит ресурстарының қолжетiмдiлiгi мәселесi бойынша бағдарламаға қатысатын қаржылық институттар белсендi жұмыс iстеуде. Облыста 1,7 млрд. теңгенiң 386 микрокредитi берiлдi. Жылдың соңына дейiн бағдарламаның критерийiне сәйкес келетiн барлық үмiткерлер микрокредит алады.

Бүған дейiн электрмен, жылумен жабдықтауға қол жеткiзу бойынша техникалық жағдай алудың проблемалылығы айтылған болатын. Мәселенiң маңыздылығын ескере келiп, «СК РЭК» АҚ жыл соңына дейiн аталмыш құжатты ЭЦП арқылы электронды түрде берудi енгiзудi жоспарлап отыр. Осы жайлы «СК РЭК» АҚ-ның бас директоры Анатолий Казановский айтып бердi.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар тарапынан бiрыңғай электронды интерактивтi карта жасау үшiн атқарушы органдарға «СК РЭК» АҚ мен «Петропавл жылу желiлерi» ЖШС-нiң электр желiлерiнiң схемасы туралы қайтарымсыз негiзде ақпарат беру жоспарлануда.

Кездесу кезiнде отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары туралы сөз қозғалды. Осы жылдың қазан айында Омбы қаласында солтүстiкқазақстандық компаниялардың сауда нүктелерi ашылады.

Өңiр басшысы бренд жасауға уақыт жұмсаудың қажетi жоқтығына назар аударды. Нарықта тауардың өзi өзiн танытады және солдтүстiкқазақстандық тауар өндiрушiлердi лайықты түрде көрсететiн болады

СҚО Кәсiпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов салалық бағыттар бойынша осы форматта өңiр басшысымен кездесудi ұсынды.

Отырыс барысында бизнес өкiлдерi өз жобалары туралы сөз қозғап, болашақтағы жоспарларымен бөлiстi. Отырысқа қатысушылар қордаланған проблемаларды айтуға және өңiр басшысына ауыл шаруашылығын, құрылысты және өнеркәсiп кәсiпорындарын дамыту туралы сауал қоюға мүмкiндiк алды. Бүдан басқа, бизнестi дамытуға кедергi келтiретiн әкiмшiлiк кедергiлер тақырыбы да сөз болды.