Петропавлда жалпықалалық сенбiлiк өттi

Петропавлда жалпықалалық сенбiлiк өттi

16 қыркүйекте Петропавл қаласында алғашқы күзгi сенбiлiк өттi. Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан облысының басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Сенбiлiкте өңiр басшысы қаланы абаттандыру бойынша алдағы уақытта жасалатын жұмыстар туралы айтты.

«Ауа-райы қолайлы болып отырғанда тазарту жұмыстарын жүргiзу қажет. Жақын арада жаңа балаларға арналған және спорттық алаңдарды орнатуды жоспарлап отырмыз. Қалалық саябақтың көшелерiнде жарық пайда болады», — дедi өңiр басшысы.

Сенбiлiкке мемлекеттiк қызметкерлер, медицина және бiлiм беру саласы мекемелерiнiң қызметкерлерi шықты.

Бүгiн ескi саябақтың аумағын 24 учаскеге бөлдi, ол 1 млн. 200 мың шаршы метр.

Келесi жалпықалалық сенбiлiк 23 қыркүйекке жоспарланған, қаланы абаттандыру мен жақсартуға кез келген қала тұрғыны өз үлесiн қоса алады.