Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен М. Жұмабаев ауданында болды.
Өңiр басшысы алдымен Булаево қаласындағы дайындау орталығы — «Жiбек Жолы Оперейтинг» ЖШС-ге ат басын тiредi. Бүгiнгi күнi бұл — облыстағы ауылдықтар өсiрiлген артық көкөнiсiн тапсыратын және сөйтiп өзiнiң кiрiсiн арттыратын бiрден — бiр көкөнiс сақтайтын қойма. Орталықтың жұмысына өзiн-өзi қамтып отырғандар белсене қатысады деп күтiлуде.
Өңiр басшысы осындай нысандарды әрбiр ауданда ашу қажеттiгiн атап айтты.
Авангард ауылдық округiне қарасты Полтавка орта мектебi келесi нысан болды. Мектеп кемiнде 81 балаға шақталған, алайда онда барлығы 53 бала ғана оқып жатыр. «Ауылда көшiп кету неге белең алды?», — деген сауалға ауылдық округтiң әкiмi Ермек Кенжеболатов жауап беруге тырысып бақты.
«Ауылдық округтiң құрамына екi елдi мекен кiредi, онда 821 адам тұрып жатыр. Соңғы үш жылда округтен 127 адам қоныс аударды. Орташа айлық еңбекақы 53 мың теңгенi құрайды. Жалақыны көтеру үшiн «Авангард СКО»ЖШС-нiң басшысымен меморандум жасалды, алайда одан бұрын жасалған мемолрандум орындалған жоқ. Үш жылдан астам уақыттан берi «Авангард СКО» ЖШС төмен өнiм алып келедi. Биыл ол гектарынан 13 центнерден аспай отыр, минералдық тыңайтқыш қолданылмайды, ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынбайды. 2011 жылдан берi кәсiпорын мал щаруашылығын дамыту бағдарламасына қатыспайды», — дедi Ермек Кенжеболатов.
Облыстың агроқұрылымдарының өндiрiсi даму үшiн мемлекет қаржылай көмек көрсетедi.
«Тек биылғы жылы ғана ЖШС 38 млн. 726 мың теңге алып, 12 млн. теңге салық төледi. Мемлекет сiздерге ақша бередi, оны дұрыс пайдалана алмай отырсыздар. Қаржылай көмек еңбекақыны өсiру, тұрғын үйлер мен әлеуметтiк маңызды нысандар салу үшiн берiледi. Алайда бiз оны осында көре алмай отырмыз. Жұмыс бар жерден адамдар кетпейдi», — дедi Құмар Iргебайұлы.
Совет ауылындағы жағдай мүлдем басқаша, бұрын ол алдыңғы қатарлы елдi мекеннiң бiрi болатын, дұрыс басқара алмаудың нәтижесiнде ауыл құлдырауға ұшыраған едi. Жаңа инвестордың келуiмен жағдай өзгерiп сала бердi. Адамдардың жағдайын ойлайтын жан — Анатолий Рафальский.
«Облыс басшылығы «СК Агро 2050» ЖШС-ге зор сенiм артып отыр, бiздiң жұмыс iстеп жатқан нақты жоспарымыз бар», — дедi кездесу кезiнде Анатолий Брониславович.
«Әртараптандыру жүргiзiлдi, майлы дақылдардың алқабы көбейдi.Күнбағыс алқабы 4 мың гектар, екi мың — рапс, және сонша — зығыр.Орақ науқаны барлық қуатында жүрiп жатыр», — дейдi жаңа инвестор.
Жаңа инвестордың келуiмен жаңа жұмыс орындары пайда болған. Құрама жем зауытын қалпына келтiру жүргiзiлiп жатыр, оған 120 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Алдағы уақытта «СК Агро 2050» ЖШС-нiң ет комбинатын қайта жабдықтау жоспарлануда.
Писаревка ауылдық округiнде де осындай жағдай орын алған.
Бiр кездерi құлдыраған ауылды қалпына келтiрудi «Писаревское Агро» ЖШС-нiң басшысы Игорь Гришанов қолға алыпты.
Игорь Гришанов округте екi жыл ғана жұмыс iстегенiмен, кәсiпорын жоғары көрсеткiшке қол жеткiзуде.
Дәндi дақылдардың 85%-ы жиналған, жоғары өнiмдi майлы дақылдармен айналысады. Барлығы да ауылды дамыту үшiн жасалады. Мектеп пен басқа да әлеуметтiк нысандар екiншi маусым биомасса пайдаланатын қазандықпен жылытылады.
Сапарды қорытындылай келе, өңiр басшысы Құмар Ақсақалов кәсiпорынды дамыту және ауылдағы өмiрдi жақсарту басты мiндет болу керектiгiне назар аударды. Жергiлiктi билiк пен кәсiпкерлердiң сапасыз жұмысынан ауыл халқы азаюда, мектептер қысқаруда, осының өзi ауылдық округтiң жабылуына әсер етуде.
Әрбiр аумақтық бiрлiктiң басшыларының дұрыс, нәтижелi жұмысы ауылдардың дамуына оң әсер етедi. Жергiлiктi билiк ойланып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен жұмыс iстеудi бастауы қажет.