Петропавлда өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң отырысы өттi.
Отырыс кадрлық тағайындаудан басталды. Облыс әкiмi «Қазпошта» АҚ СҚОФ-ның жаңа директоры Бекбердиев Бекжiгiт Iлесұлын, Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон департаментiнiң жаңа басшысы Мұхамедияров Мереке Тiлеужанұлы мен «Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы» ҰК» АҚ облыстық өкiлдiгiнiң жаңа директоры Асип Рамазан Назарбекұлын таныстырды
Әрi қарай отырыс барысында мемлекеттiк органдарда атқарушылық тәртiптi сақтау, 2017 жылдың 8 айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы, облыстың кiрiс-шығысы туралы мәселелер қаралып, СҚО әкiмдiгiнiң мүшелерiнiң қарауына енгiзiлген қаулылардың жобасы ұсынылды.
Облыс әкiмi аппаратының жетекшiсi Мадияр Қожахмет мемлекеттiк органдарда атқарушылық тәртiптi сақтау жайында баяндады. Ол көптеген басқармалар облыс әкiмiнiң тапсырмасын өз дәрежесiнде орындамайтындығын атап айтты. Сол сияқты Мадияр Қожахмет облыстың экспорттық әлеуетiн арттыру үшiн Ресей Федерациясы аумағында қазақстандық павильондар ашуға байланысты мәселердi шешу тапсырмасына назар аударды.
Өз кезегiнде «Интегро» ЖШС-нiң директоры Руслан Шарипов осы мәселе бойынша өз ойын ортаға салды. Ол Омбыда қазан айында бiрiншi қазақстандық павильон ашуға әзiрлiк жүргiзiлiп жатқанын айтты
«Жеткiзушiлермен жұмыс жүргiздiк, қазiр тауар ассортиментi анықталып жатыр, жеткiзiп беру туралы келiсiмдер жасалуда. Негiзiнен сатуға ет, сүт өнiмдерi, шұжықтар, нан-тоқаш, кондитер өнiмдерi, көкөнiс, жемiстер ұсынылады. Бiз «У дома» дүкенi сияқты жұмыс iстеймiз деп шештiк. Сауда нүктелерiн орналастыру жоспарланып отырған жерлер зерттелдi, оларды федералды және муниципалды және жекеменшiк базарлары ретiнде қарастырып жатырмыз. Облыстың «Казмяспродукт» ЖШС, «Алекри» ЖШС, «Зенченко және К» КС, «Богатырский продукт» ЖШС сияқты iрi компаниялары бiзбен жұмыс iстеуге келiсiп отыр», — дедi «Интегро» ЖШС директоры.
Руслан Шариповтың айтуы бойынша, бiрiншi дүкенде бренд, жеткiзiп беру, жиiлiк, жұмыс iстеу схемасы белгiленiп, жылдың соңына дейiн сақталатын болады. 2017 жылдың соңына дейiн Омбыда 2-3 павильон ашып, 2018 жылдың басында Омбы мен Түменде бес павильонға дейiн орналастыру үшiн жер телiмiн алу бойынша жұмыс жүргiзiлмек. Сол сияқты Ресей Федерациясының Новосибирь, Кемерово, Челябi, Пермь, Екатеринбург сияқты қалаларын да қамту жоспарлануда.
«Қызығушылық бар. Ресейлiктерде қазiр бiзде экологиялық таза өнiм өндiрiледi, бiз оны бүлдiргемiз жоқ деген пiкiр қалыптасқан. Сондықтан алға жылжи беру керек, барлығы уақыт алатындығына кешiрiм жасауға болады, алайда бiр нүкте аздық етедi. Бұл iстелгеннiң аз бөлiгi ғана. Оның қажет екендiгiн және үлкен болашақ екенiн бәрiмiз бiлемiз. Iстеп жатқанымыздың барлығы жүзеге асуы керек», — дедi облыс әкiмi.
2017 жылдың 8 айының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы жайлы Статистика басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Қуанышбек Қалижанов баяндады. Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша облыс 16 өңiр арасында өнеркәсiп өнiмiнiң өсiмiнен 5-шi орынды иелендi. Жедел статистикалық мәлiмет бойынша, қаңтар-шiлде айларында тұрғын үйлердi пайдалануға беру өсiмi 19,9%, өнеркәсiп көлемi — 5,3% болды. Бөлшек сауда көлемi 2,3%-ға, ауыл шаруашылығы өнiмдлерi — 1,5%-ға, негiзгi капиталға салынған инвестиция — 0,2%-ға өстi. Осы кезеңде 122,3 млрд. теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмi шығарылды, НКИ — 101,5%. 2017 жылы қаңтар-тамыз айларында 55,3 мың тоннаның тiрi салмақта малы мен құсы сойылды, 391,9 мың тонна сүт сауылды, 467,7 млн. дана жұмыртқа алынды. Ет өндiруден жоғары көрсеткiш көрсеткендер: Шал ақын ауданы — 13,5%, Ғ. Мүсiрепов атындағы — 10,6%, Айыртау — 7,5%, Аққайың — 6,4%, сүт бойынша: Айыртау — 10,2%, Аққайың — 8,6%, жұмыртқа алудан: Қызылжар — 25,1%, Шал ақынауданы — 19,3%, Уәлиханов ауданы — 14,1%.
Облыс әкiмi өз кезегiнде өсiм қарқыны төмен аудандар да бар екенiн атап айтты.
«Сүт, жұмыртқа, ет өндiру өсiп отыр, алайда аз өнiм алған шаруашылықтар да бар. Бiзде Тайынша ауданы жұмысты iс жүзiнде құлатты. Бiрiншi жартыжылдықта да төмен едi, 8 айда да сондай нәтиже, Сiздер облысты кейiн тартудасыздар», — дедi Құмар Ақсақалов.
Тайынша ауданының әкiмi барлығы шошқа басының азайғанынан деп түсiндiрдi.
«Бiзге таяуда шошқалар әкелiнедi, сол кезде көрсеткiштi артығымен орындайтын боламыз. Жыл соңына дейiн құс фабрикасы 13 млн. дана жұмыртқа бередi, сонда көрсеткiшiмiз 100% болады», — дедi Тайынша ауданының әкiмi Ержан Иманслям.
Өңiр басшысының бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров облыстың кiрiс-шығысы туралы айтты. Ол облыстық бюджеттiң тартылған және жұмсалған қаражаты туралы сөз қозғап, бiрқатар аудандарда қаражаттың игерiлмегенiн тiлге тиек еттi.
«Жергiлiктi бюджетке түскен салық түсiмдерiнiң өсу қарқыны 8 айда 108,6% болды. Жергiлiктi бюджетке қаражаттың дер кезiнде түсуiн қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту керек деп есептеймiн. Яғни жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгiне түсiм бойынша жұмыс тобының жұмысын арттыру қажет. Аудандарда бұл жұмыс сылбыр жүргiзiледi, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен 1 гектарға қанша салмақ түсетiндiгi және еңбекақыны арттыру мәселелерi бойынша жұмыс iстеу керек. Бiзде еңбекақы деңгейi төмен кәсiпкерлер де бар», — дедi Айдарбек Сейпiлұлы.
Құмар Ақсақалов еңбекақыны кемiнде 20-25%-ға көтеру туралы сөз қозғалуы қажеттiгiн алға тартты.
«Биыл бiзде ауыл шаруашылығы бойынша жақсы нәтиже қалыптасып отыр, әр гектардан 17,5 центнерден өнiм жиналуда. Астықтың 85%-ы жиналды, астық — сапалы. Майлы дақылдардың 60%-ы алынды. Өндiрiстi кейiн тартатын дәстүрлi шығындар жоқ. Соған сәйкес аталмыш кiрiстер инвестиция тартуға, еңбекақы қорын арттыруға жұмсалуы керек», — дедi өңiр басшысы
«Кiрiс-шығыс бөлiгiне қатысты орындаулар бар. Бүгiн Тимирязев, Ғ. Мүсiрепов және Тайынша аудандары нашар жұмыс iстеуде. 9 айдың қорытындысы бойынша кiрiс — шығысты орындамағандарға кадрлық шешiм қолданамын, естерiңiзде болсын. Экономика барлығын орындайтындай болып қалыптасуда деп есептеймiн», — дедi Құмар Ақсақалов.
Отырыстың соңында Құмар Ақсақалов СҚО әкiмдiгiнiң мүшелерiнiң қарауына енгiзiлген қаулылардың жобасы туралы ұсынысты тыңдады