СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi жөнiнде ведомствоаралық комиссияның отырысын өткiздi

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi жөнiнде ведомствоаралық комиссияның отырысын өткiздi

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi жөнiнде ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Күн тәртiбiнде үш мәселе қаралды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Владимир Безлер медициналық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

«Жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың өзектi факторы ашықтық қағидасы болып табылады, оны енгiзу бойынша жұмыс тұрақты түрде жүйелi жүргiзiледi, оның iшiнде сапалы мониторинг жолымен және медициналық қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгiмен. Жыл басынан берi жүз жетпiс мыңнан астам медициналық қызмет көрсетiлдi. медициналық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы денсаулық сақтау басқармасы мен медицина ұйымдарының тұрақты бақылауында болады және әрi қарай жалғасады», — дедi басқарма басшысы.

Құмар Ақсақалов адамдар неге сағаттап кезекте тұратындығына және жеңiлдетiлген дәрi-дәрмектердi тұрғындардың ала алмау проблемаларына қызығушылық бiлдiрдi.

«Бiз шалғай ауылдық округтерде болып, шағымдарын естiп жүрмiз. Өңiрде неге емдiк дәрi-дәрмектер жетiспейтiндiгiн бiлу керек», — дедi өңiр басшысы.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров агроөнеркәсiп кешенiн дамыту бойынша мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бюджеттiк қаражаттарды игеру туралы баян еттi.

«Биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге элита, бiрiншi репродукциялы, бiрiншi буынның буданды тұқымдарын сатып алуға сомасы 1 385,4 млн. теңгенiң жәрдемқаржысы берiледi, ол 20,1 мың тонна элиталық, бiрiншi репродукциялы, бiрiншi буынның буданды тұқымдарын сатып алуға мүмкiндiк бередi. Жәрдемқаржының негiзгi бөлiгi ұқсату кәсiпорындарына өткiзiлген 1 тонна майлы тұқымға 7,5 мың теңге көлемiнде майлы дақылдарға жыл соңында берiледi. Мемлекеттiк қолдаудың нәтижесi қара малдың асыл тұқымы санын көбейту болмақ», — дедi басқарма басшысы.

Ауыл шаруашылығындағы кең тараған құқықбұзушылық облыс аудандарында мал басы санын артық көрсету екен. Ондай фактiлер Ғ. Мүсiрепов атындағы, М. Жұмабаев және Ақжар аудандарында анықталған.

Отырыста Жамбыл және Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандарда жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жергiлiктi атқарушы органдары қолданып жатқан шаралар және жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселесi бойынша комиссияның жұмысы қаралды. Осы жайында аудан әкiмдерiнiң мiндетiн атқарушылар баяндады.

«Сараптама жұмысы жүйелi түрде жүргiзiледi, комиссия, сенiм телефондары жұмыс iстейдi, БАҚ арқылы жемқорлықпен күресте мемлекеттiк бағдарламаның орындалу барысы шынайы көрсетiледi», — дедi олар.

Облыс әкiмiнiң аудандарда жүргiзiлiп жатқан жұмысқа көңiлi толмады.

«Ең жақсысы — қоғамдық бақылау. Неге аудандық атқарушы органдардың өкiлдерi ғана комиссия мүшелiгiне енргiзiлген?», — облыс ә»кiмi. Сол сияқты Құмар Ақсақалов оқушыларда жемқорлыққа қарсы терiс қатынас қалыптастыру керек. Ол үшiн бiлiм мекемелерiнде осы бағытта жұмысты күшейту керек дедi.

Отырыс соңында өңiр басшысы бiрқатар тапсырма бердi. Комиссия мүшелерiнiң айтқан ұсыныстарын есепке алу қажеттiгiне, жемқорлықтың орын алуына жол бермеуге бағытталған жұмыстарды жетiлдiру бойынша шаралар қабылдау үшiн нақты ұсыныстар әзiрлеу керектiгiне назар аударды.