Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен қылмыстың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.
Кездесу барысында тәртiп бұзуға және құқық бұзушылыққа қатысты «нөлдiк төзiмдiлiк» қағидатын қоғамда қалыптастыруға бағытталған тұрақты ақпараттық-насихат жұмысы туралы мәселелердi талқылады, сондай-ақ қылмыстың алдын алу бойынша Уәлиханов, Айыртау аудандарында жергiлiктi атқарушы органдар қабылдаған шаралар тыңдалды.
Бiрiншi мәселе бойынша iшкi саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова сөз сөйледi. 2017 жылдың басынан бастап мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде баспасөзде 532 материал жарияланды, 230 сюжет эфирге шықты және 22 баннер орнатылды.
ҮЕҰ-мен өзара iс-қимылға және ынтымақтастыққа ерекше көңiл бөлiнедi. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде өңiрде адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әлеуметтiк маңызды жоба жүзеге асырылуда.
Аудан басшысы Медет Оспанов Уалиханов ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының заң бұзушылықты болдырмау шаралары туралы хабардар еттi.
«2017 жылдың 8 айында 132 қылмыс тiркелдi, өткен жылдың осы кезеңiнде ол 141 болған, -6,4%-ға азайды, аяқталған iстер бойынша қылмыстың ашылуы 97,2% болды», — дедi Уәлиханов ауданының әкiмi.
2017 жылдың 7 айында өткен жылмен салыстырғанда қылмыс жасау өскен, Мал ұрлау 33%-ға, ұялы телефон ұрлау 12,7%-ға, автокөлiк иелену 100%-ға, алаяқтық 100%-ға.
«Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұтқыр топтармен партрульдеу күндiз ғана емес, түнде де жүргiзiледi. Тұрғындар арасында түсiндiру жүмысы үнемi жүргiзiледi, оның iшiнде қылмыс жасауға бейiм адамдармен. Электронды бақылау құралдары орнатылуда, Кiшкенекөл ауылында 10 бейнебақылау камерасы жұмыс iстейдi», — дедi Медет Оспанов.
Балалардың сабақтын тыс уақытына ерекше назар аударылады, соғын байланысты ауданда БЖСМ, балалардың өнер мектебi, Қосымша бiлiм беру орталығы, сол сияқты мектептерде үйiрмелер жұмыс iстейдi.
Құқықбұзушылықтың алдын алу шараларының бiрi тұрғындарды жұмыспен қамту болып табылады.
Айыртау ауданында осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы аудан басшысы Ағзам Тастемiров баяндады.
«Жыл басынан берi қосымша 13 бейнебақылау камерасын орнатуға қаржы бөлiндi. Полицияның учаскелiк инспекторларының қызмет машиналарына 3 арнайы дауыскүшейткiш құрал сатып алынды. Ауданның ауылдық округтерiнде полицияға көмек көрсететiн «Сақшы» отрядтары құрылды», — дедi аудан әкiмi.
«Балалар түнгi қалада», «Құқықтық тәртiп», «Жеткiншек» жедел алдын алу шаралары мен рейдтер тұрақты түрде өткiзiледi
Отырыстың соңында өңiр басшысы қоғамдық жұмыстардың сылбыр ұйымдастырылғанына назар аударып, осы бағыттағы жұмысты күшейтудi тапсырды.