Құмар Ақсақалов жердi тиiмсiз пайдаланғаны үшiн қолданылатын шараны күшейтудi ұсынды

Құмар Ақсақалов жердi тиiмсiз пайдаланғаны үшiн қолданылатын шараны күшейтудi ұсынды

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Аграрлық мәселе жөнiндегi комитетiнiң көшпелi отырысы өттi. Мәжiлiс депутаттары, мемлекеттiк органдардың басшылары, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi жер заңнамасының өзектi мәселелерiн талқылады.

Отырысты ашқан Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов аталмыш кездесудiң маңыздылығын және дер кезiнде өткiзiлiп отырғандығын атап айтты. Сол сияқты ауыл шаруашылығымен айналысатындардың әрқайсысының алдында тұрған мiндеттi, атап айқанда барлық технологияларды сақтап, жердiң әлеуетiн толық көлемде тиiмдi жүзеге асыру керектiгiн еске салды.

«Жыл сайын ауыл шаруашылығын мемлекеттiң қолдауы артып келедi. Жер — мемлекетке тиесiлi және пайдалану құқығымен берiлген басты қор. Бiздiң аграршылар ауыл шаруашылығы алқаптарын тиiмдi пайдалануға мол жауапкершiлiк жүктелгенiн еске сақтауға тиiс», — деп атап көрсеттi Құмар Ақсақалов.

Ауыл шаруашылығының вице-министрi Ерлан Нысанбаев заң жобасының негiзгi ережелерi мен министрлiктiң жанындағы жер реформасы жөнiндегi комиссияның атқарған жұмысы туралы айтып бердi. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Берiк Оспанов заңнамаға енгiзiлетiн өзгерiстер туралы ақпаратты талқылауға ұсынды.

Қолданыстағы заңнаманың Солтүстiк Қазақстан облысында орындалуы туралы өңiр басшысының бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров баяндады. Айдарбек Сейпiлұлының ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң үлесi 72%-ды құрайды. Оның 1 млн. 582 мың гектары шаруа қожалықтары мен фермерлiк шаруашылықтарға тиесiлi, яғни 16%-ы. Сол сияқты 5 млн. 370 мың гектарда немесе 55%-нда 725 серiктестiк пен акционерлiк қоғам жұмыс iстейдi.

«Осыған қарамастан бiздiң жер алқаптары толық қуатында пайдаланылмайды. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi үш жылда 1 млн. 30 мың гектарды мемлекет меншiгiне қайтарды, оның 383 мың гектары жыртынды жер. Жыл сайынғы мониторингтiң қорытындысы бойынша үстiмiздегi жылы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерi бұзушылықтарды жоймаған жағдайда қайтарып алуға жатады, ол — 116 мың гектар», — дедi Айдарбек Сапаров.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi бiр заңды тұлғаға берудi 50 мың гектарға дейiн шектеудi енгiзу қажеттiгiн алға тартты. Бұдан басқа, құрылтайшы аталмыш аумақта тiкелей тұруы қажеттiгi жайында ереже енгiзу керек.

Отырысқа қатысушылар жер заңнамасы саласына қатысты өздерiн толғандыратын сауалдар қойды, олардың барлығы қарауға алынды.

Кездесудiң соңында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жердiң әлеуетiн арттыру үшiн заңнамалық деңгейде тиiмсiз және сапасыз пайдалануға байланысты қолданылатын шараларды күшейтудi ұсынды.