СҚО әкiмi Шал ақын ауданындағы агроқұрылым басшыларының жұмысын сынға алды

СҚО әкiмi Шал ақын ауданындағы агроқұрылым басшыларының жұмысын сынға алды

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болып, ауылдардың әлеуметтiк-маңызды нысандарын аралады, жергiлiктi тұрғындармен кездестi.

Өңiр басшысы алдымен Аютас ауылдық округiнiң Ыбыраев ауылында болды. Ауылдың өмiрлiк қызметi, округтiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы жергiлiктi әкiм Бауыржан Оспанов айтып бердi

«Округте 42 агроқұрылым жұмыс iстейдi, оның 11-i — ЖШС, 27-сi — ШҚ, 4-уi- ФШ, 5-уi — АӨК. 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында орташа айлық еңбекақы 70 346 теңгенi құрады», — дедi ауылдық округтiң әкiмi.

Кездесу кезiнде ауылдық округтiң агроқұрылым басшылары өз жұмыстары жайында сөз қозғады. Мысалы, «ТрансАгроИнвест» ЖШС директоры Вячеслав Адамов өзiнiң кәсiпорнында дәндiбұршақты және бидай дақылдарын жинап болғанын, жасымық шығымдылығы — 9,2, бұршақ — 16,4, бидай — 18 центнердi құрағанын айтты. Кәсiпорында 12 адам еңбек етедi, тамыз айынан берi оташа айлық еңбекақы 81 мың теңгеге дейiн көтерiлген.

«Серiктестiк 14,5 млн. теңге сомасында мемлекеттiк қолдау алып, 2 млн. теңге салық төлеген. Еңбекақыны көтеру бiздiң басты жағдайымыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

«ТНС-2020» ЖШС-нiң жұмысы туралы директор Төлебай Әубакiров баяндады. Оның айтуынша, серiктестiкте 324 адам еңбек етедi, орташа айлық жалақы — 55 мың теңге. Егiстiк алқаптың 90%-ы жиналып, әр гектардан 15 центнерден өнiм алынған.

Өңiр басшысы «ТНС-2020» ЖШС компаниясының жұмысын сынға алды.

«Байқау бойынша 1500 жұмыс орнын ашамыз деп мiндеттенгенсiздер. Содан берi 5 жыл өттi, Сiздердiң нәтижелерiңiз қандай? Сiздердiң осындай қарым-қатынастарыңыздан тұрғындар саны азаюда. Адамдар жұмыс iздеп, елден кетiп жатыр», — дедi өңiр басшысы.

Осы жолы облыс әкiмi Городецкий ауылдық округiне қарасты Мерген ауылына да соқты. Онда Құмар Ақсақалов Тарбуновтар отбасымен кездестi. Таяуда олар «ГермесАгро» ЖШС салып берген үйге қоныс аударыпты.

«Бiздiң кәсiпорын 2005 жылдан берi жұмыс iстейдi, дәндi дақылдар өсiрумен және мал шаруашылығымен айналысамыз. Ауылды қолдауға тырысамыз. Биыл 4 тұрғын үйдi пайдалануға бердiк, келесi жылы 5 үй салуды жоспарлап, iргетасын қалап қойдық. Тұрғын үй алу үшiн басты критерий — мамандығы емес, жұмыс өтiлi», — дейдi «ГермесАгро» ЖШС директоры Сергей Окунев.

Сапар барысында облыс әкiмi «Мерген БК» АӨК-нiң сүт қабылдау қосынының жұмысымен танысты. Ол өткен жылы мамыр айында құрылыпты. АӨК төрағасы Максим Тимофеевтiң сөзiне қарағанда, кооператив қарамағына 24 пайшы кiрсе, қазiр ол 55 болған. Сүт жақын маңдағы 6 ауылдан жиналып, «Масло-Дел» ЖШС-ге тапсырылады. Өңiр басшысы АӨК мүшелерiнiң еңбекақысына назар аударды.

«Адамдар өзiнiң қосалқы шаруашылығынан пайда тапқанын қалаймыз. Тек ерiнбеу керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапары соңында өңiр басшысы Юбилейный ауылдық округiне қарасты Крещенка ауылында жергiлiктi тұрғындармен және агроқұрылым басшыларымен кездестi. Осында жергiлiктi агроқұрылымдар 8 айдың қорытындысы, алда тұрған мiндеттер жайлы есеп бердi. «Степное 2020» ЖШС директоры Николай Ярош өз кәсiпорны жайында сөз қозғады. ЖШС 2012 жылы құрылыпты.

«Орақ науқаны аяқталды, дәндi дақылдардан 16, майлы дақылдардан 9,1 центнерден өнiм алдық. Орташа айлық еңбекақы 64 мың теңгенi құрайды», — дедi ЖШС басшысы.

Баяндамаларды тыңдаған облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Юбилейный ауылдық округiндегi жұмысқа көңiлi толмайтындығын атап айтты

«Бұл — шаруашылықты дұрыс жүргiзе алмағанға мысал бола алады. Сiздер шығымдылықты арттыру бойынша жұмыс iстемейсiздер, адамдарды ойламайсыздар. Барлығы — адамдардың жұмыс iстеуi, еңбекақы табуы үшiн жасалуға тиiс. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер жерге деген көзқарасын өзгертуi керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапарын қорытындылай келiп, өңiр басшысы Шал ақын ауданының әкiмi Нұрлан Есiмовке адал жұмыс iстемейтiн кәсiпорындар бойынша қаржылай сауықтандыру жоспарын әзiрлеудi тапсырды.