
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов облыс орталығы бойынша жұмыс сапары кезiнде құрылыс нысандарында болып, жолдарды жөндеумен және аулаiшiлiк аумақтарды асфальттаумен, сол сияқты Петропавлдағы көшелердi жарықтандыру жүйесiн жаңартудың барысымен танысты.
Сәтбаев көшесiндегi жолдарға орташа жөндеу жүргiзiлiп жатқанын қарау кезiнде, Құмар Ақсақалов осы жерге көлiктердiң ағыны шоғырланғанын және аталмыш торап қаладағы қарқынды көшелердiң бiрi екендiгiн атап айтты. Қазiргi кезде онда өтпелi жолдар асфальтталып, жаяужолдар жасалуда, павильондар орнатылуда. Сол сияқты Құмар Ақсақалов Сәтбаев көшесi мәрмәр жиектас орнатылатын бiрiншi нысан болатындығын тiлге тиек еттi.
«Осы көшеге 189 млн. теңге бөлiндi, аталмыш жұмысты бас мердiгер «СУ-808» ЖШС атқарып жатыр. Бүгiнгi күнi жалпылай жабылғы, жаяужол жасау, жиектас орнату атқарылуда,көшеге 4 аялдама павильоны, 2 бағдаршам нысаны және 9 жол белгiлерi қойылады», — дедi қала әкiмi Марат Тасмағанбетов. Бұл көшеге жоғары мықтылығымен және ұзақмерзiмдiлiгiмен ерекшеленетiн, үлкен бұзғыш салмақтарды, жауын-шашын мен желдiң әсерiн өткеретiн мәрмәртастардан жасалған жиектастар қойылып жатыр. Жұмысты 20 қазанға дейiн аяқтау жоспарланған.
Өңiр басшысы облыс орталығын көрiктендiруге биыл үш есе көп қаржы бөлiнгендiгiн, сондықтан осы жағдай инфрақұрылымды жақсартуға тиiс екендiгiн баса айтты. Осыған орай жұмыстың сапасына қоғамдық бақылау қажет.
Одан кейiн өңiр басшысы Калинин және Қизатов көшелерiндегi жұмыстың барысымен танысты.
«Тұрғындардан көп арыз айтылатын Калинин көшесiнде 20 жылдан берi бiрiншi рет жөндеу жұмысы жүргiзiлуде. Көркейту жөнiнде орталық көшелерге ғана емес, шеткерi шағынаудандарға да басымдық берiлуде. Бұл жердiң жолы нашар болатын, жаяужол мүлдем жоқ-тын. Батыр Баян көшесiне салмақ көп түсетiндiктен, оны бiржақты қозғалыс ету жайында ұсыныстар бар. Сондықтан осы мәселенi жұртшылықпен, депутаттармен, көше тұрғындарымен ақылдасып, қолайлы болу үшiн, оңтайлы шешiм қабылдау қажет. Шынында да, Батыр Баян көшесiне көп жүк түсуде», — дедi өңiр басшысы
Тұрғындар облыс пен қаланың басшыларына: «Күн өткен сайын көшелерiмiз жаңара түсуде, бiз өте ризамыз», — дедi.
Ж.Қизатов көшесiне жүргiзiлiп жатқан орташа жөндеу жайлы «Дорожник-Ашық аспан» ЖШС-нiң басшысы Бабкен Мартиросян айтып бердi. Жұмыс И.Шухов көшесiнен Солнечный кентiне дейiн жүргiзiлуде
«Келесi жылы Ж.Қизатов көшесiн кеңейтiп, жарықтандырамыз. Мұнда қамыс пен шөп өсiп кеткен бос жер көп. Бұл дұрыс емес, жолдың екi жағын тазарту керек деп есептеймiн. Ағаш егiп, жердi көтеру және саябақ зонасын жасау керек», — дедi облыс әкiмi.
Сол сияқты Құмар Ақсақалов Набережный көшесiне жүргiзiлiп жатқан жұмыстың барысымен танысты. Содан кейiн облыс әкiмi Уәлиханов, 46, 46 «В», 48, 48 «А» көшесiнiң аулаларында болды. Петропавлда 400 аула бар. Олардың жартысына жақыны жөндеуден өттi
Аулаiшiлiк аумақтарды көрiктендiру жұмысы жақсы қарқын алған. Биыл 92 ауланың 76 мың шаршы мептрi асфальтталыпты. Келесi жылы қалған 200 аула көркейтiлмек.
«Балалардың ойын алаңдарына, асфальт пен тренажерлерге зор алғыс айтамыз. Биыл сұрағанымыздың барлығы атқарылды, толығымен Хименко көшесiне дейiн, Уәлиханов,46В көшесi де жарықтандырылды», — дейдi «Рахат үй» ПИК жетекшiсi Юлия Андроненко.
Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов үш көшеге жүргiзiлiп жатқан жарықтандыру жүйесiне де назар аударды. Энергия үнемдеу технологиясы алдағы уақытта бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
«Жаңа заманауи технологияның арқасында көшелер барынша эстетикалы бола түсуде», — дедi өңiр басшысы.
Қазан айының ортасында М.Жұмабаев және К.Сүтiшев көшелерiнде жаңа жарықтандыру жүйесi жұмыс iстей бастайды. Қазiр электрмен жабдықтау желiсi, бейнебақылау, жылдамдықөлшеуiш, бағдаршамдарды энергиямен жабдықтау жұмыстары атқарылуда. Ж.Жабаев көшесiнде ДСР айналмасынан А.Шәжiмбаев көшесiне дейiн 9,8 шақырымға екiжақты жарықтандыру орнатылмақ. Қайта жабдықтау және пайдалануға беру жұмыстарын 15 қарашаға дейiн аяқтау жоспарланған.
Құмар Ақсақалов 332 пәтерлiк тұрғын үй, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы құрылыстарының барысымен де танысты.
Биыл «Жас Өркен» шағынауданындағы көпiр де қайта жабдықталуда. Қайта жабдықтау аясында қалаға кiретiн екi көпiр жабық тұр. Оңтүстiк-Орал темiр жолы арқылы өтетiн жол өткелiн қайта жарақтандыру жұмысы биыл мамыр айында басталды.
«Бiзге жол жұмыстары мен ауа райы кедергi келтiруде. Жол өткелi екi жаққа жүргiншi жолымен бiрге ашылады. Қазiр бетондау, құрастыру, жағалауын бекiту жұмыстары атқарылуда. Жұмыс екi ауысымда жүргiзiлуде. Учаскеге 43 техника жұмылдырылған», — дедi «ҚазАвтоЖол»АҚ СҚОФ директоры Болатбек Айтбаев.
«Жол өткелiнiң бiрiншi бөлiгiн 20 қазаннан кешiктiрмей ашуымыз керек. Ол облыс тұрғындарына қолайсыздық туғызуда, сол сияқты ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер орақ науқанын аяқтар кезде», — дедi Құмар Ақсақалов
Осы жолы өңiр басшысы Мамлют тасжолы бойындағы көпiрде де болды. Өңiр басшысының тапсырмасы бойынша мұнда көпiрдi сәулелендiру жүзеге асырылады.
«Идея» жарнама агенттiгiнiң директоры Александра Богдановтың сөзiне қарағанда, көпiрдiң жоғарғы жағы пиксельдi, төменгi жағы контурлы жарықпен сәулелендiрiледi. Бұл жұмысты бiр ай iшiнде аяқтау жоспарлануда
Жұмыс сапары соңында Құмар Ақсақалов «Былғары зауыты» аумағындағы бөгет құрылысына соқты. Бұл мақсатқа бюджеттен 2,7 млрд. теңге қаржы бөлiнген.
«Юменг Строй» ЖШС басшысы Павел Кузнецовтың айтуынша, олардың мiндетiне топырақты көтеруге байланысты бөгеттi нығайту жұмыстары кiредi. Қараша айының соңына дейiн жұмыс аяқталуға тиiс.
«Биылғы көктемгi су тасқыны бәрiмiзге сабақ болды. Бұндай судың жайылғанын ешкiм де бiлмейдi. Ол қайталанбас үшiн қолдан келгеннiң барлығын жасаймыз. Былғары зауытындағы бөгет соның барлығын шешуге тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.