
СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бастығы болып Ермек Рақымов тағайындалды.
Ермек Анатолийұлы 1984 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысында дүниеге келген.
Қазақ ұлттық музыкалық академияны, «опера әншiсi», «өнер магистрi» мамандықтары бойынша Лондон университетiн тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Астанадағы «Болашақ» Ассоциациясында бұқарамен байланыс жөнiндегi кеңесшi, бас менеджер болып бастады.
2001 жылы Алматы қаласындағы «Болашақ» корпоративтiк қорының директоры қызметiн атқарды.
2011-2013 жылдары Астанадағы «Болашақ» корпоративтiк қорының орынбасары, директоры болды.
2014-2015 жылдары Астанадағы Ұлттық сурет галереясы директорының орынбасары жұмысын атқарды.
2015-2016 жылдары Астанадағы мәдениет және өнер департаментiнiң мұражайлар және кiтапханалар басқармасының мiндетiн атқарды.
2016 жылдан осы күнге дейiн ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң мәдениет және өнер департаментi директорының орынбасары болды.