
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды. Өңiр басшысы ең алдымен Баян ауылындағы «Ақ жер-2010» ЖШС-нiң қырман шаруашылығына соқты. Онда биылдан бастап ауылдағы ауыл шаруашылығын дамыта бастаған жаңа инвесторлармен кездестi.«Август Казахстан» елiмiздiң аграрлық секторындағы нәтижелi компаниялардың бiрi саналады. «Август Қазақстан» компаниясының СҚО бойынша өкiлi Бейбiт Құжымовтың сөзiне қарағанда, биыл 8 мың гектар алқапқа дәндi, майлы және бұршақ дақылдары себiлген. 2018 жылы оны 14 мың гектарға дейiн ұлғайту жоспарлануда. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жаңа инвеестордың келуi ауылдағы жағдайды өзгерткенiн атап айтты.
«Бұрынғы инвесторлармен проблема болған едi. Жалақы төлемейтiн. Жаңа инвестор осы мәселенi шештi. Қазiр жұмысшылардың негiзгi бөлiгiн Баян ауылының тұрғындары құрайды. Барлық еңбеккерлер осы ауылдiкi болуы керек», — дедi Құмар Ақсақалов.
ЖШС еңбеккерлерi қазiр 110 мың теңге көлемiнде еңбекақы алатындығын айта кеткен жөн. Бұл — аудандағы ең жоғары көрсеткiштердiң бiрi. Сол сияқты инвестор Баян ауылындағы ауыз су мәселесiн де шешпек.
Өңiр басшысы Архангелька ауылдық округiнiң тұрғындарымен жергiлiктi мектепте кездестi. Кездесудi ашқан облыс әкiмi мекмлекет ауыл шаруашылығына қыруар қаржы бөлiп отырғанын атап айтты. Тек биыл ғана агроөнеркәсiп кешенiне 44 млрд. теңге жәрдемқаржы бөлiндi. Соған сәйкес агроқұрылымдар жермен дұрыс жұмыс iстеп, тұрғындар туралы және еңбекақыны көтеру жайында ойлауы керек. Өңiр басшысы «МТС агро» ЖШС-нi сын тезiне алды. Бұл шаруашылықта орташа айлық 46 мың теңге ғана. Оның үстiне жергiлiктi тұрғындарды жұмысқа тартпаған. Өңiр басшысы адамдарға деген мұндай көзқарас құпталмайтынын, шаруашылық бұл жұмысқа жауапкершiлiкпен қарауы тиiс екенiн атап көрсеттi.
Кездесуде округ тұрғындары жолдар мен ауыз судың сапасы, қыс мезгiлiнде жолдарды қардан тазарту мәселелерi бойынша сауалдар қойды. Өңiр басшысы аталмыш мәселелердi дер кезiнде шешудi аудан әкiмiне тапсырды. Кездесудi қорытындылай келе, Құмар Ақсақалов аудан әкiмi Иван Турковқа тұрғындардың кiрiсiн көтеру мәселесiн шешудi тапсырды.
Сол сияқты жұмыс сапары кезiнде өңiр басшысы Благовещенка ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi. Округте «Атамекен Агро» ЖШС жақсы жұмыс iстеп жатыр. Серiктестiк директоры Виктор Суховтың сөзiне қарағанда, гектар шығымдылығы 25 центнердi құраған. Шаруашылық соңғы үш жылда 1 млрд. теңгедей демеуқаржы алған. Директор болашақтағы жоспарларымен бөлiстi. Машина-трактор паркiнде жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн шешуге арналған жылыжай салынбақ. Облыс әкiмi жергiлiктi кадрларды оқытып, iске тарту және астық шығымдылығын арттыра түсу қажеттiгiн алға тартты.
Аудан әкiмi Иван Турков Благовещенка ауылының тұрғындары үшiн жағымды жаңалықты жария еттi. Келесi жылы ауыл маңына 400 басқа арналған сүт кешенiн салу жоспарлануда.
Құмар Ақсақалов округтегi жағдайға оң бағасын бердi. Алайда аудан басшылары мен ЖШС жетекшiлерi үшiн тұрғындардың кiрiстерiн арттыру мен лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету әрдайым басым мiндеттердiң бiрi болуға тиiс.