Жаңартылған «Жастар» стадионында қалалық спартакиада басталды

Жаңартылған «Жастар» стадионында қалалық спартакиада басталды

Жаңартылған «Жастар» стадионында бiрiншi қалалық спартакиаданың ашылу салтанаты болды. Оның ашылуына облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

Салтанатты шара 520 адам қатысқан ауқымды флешмобпен басталды. Шеруде көрермендер мен қонақтар спартакиадаға қатысыушыларға құрмет көрсеттi.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов еңбек ұжымдарының командаларын спартакиаданың ашылуымен құттықтады. Жиналғандардың алдында сөз сөйлей келiп, Құмар Iргебайұлы саламатты өмiр салтын насихаттау мемлекеттiң басым бағыттарының бiрi екендiгiн, спортты қаржыландыру өсiп жатқандығын атап айтты.

Спортшылар өз кезегiнде халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткiзуде. Таяуда Артем Захаров пен Данияр Қаленов Түрiкменстанда Азия ойындарының жеңiмпазы атанды. Айдар Қазов Дүниежүзiлiк универсиадада ауыр атлетикадан 77 кг салмақ дәрежесiнде көш бастады. Жергiлiктi велошабандоз Алексей Луценко да жерлестерiн қуанышқа бөлеуде. Ол беделдi «Вуэльта» веложарысының бiр кезеңiнде жетiстiкке жеттi. «Құлагер» хоккей клубы Қазақстан кубогын жеңiп алды.

«Горгаз-сервис» компаниясының бас директоры Олег Иванов спартакиадаға қатысушылар атынан сөз сөйледi. Спартакиада жалауын көтеру құрметiне «Қызылжар су» ЖШС-нiң қызметкерi, танымал спортшы Людмила Эктова ие болды. Спартакиада алауын ҚР еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Виктор Бондаренко жақты. Спартакиаданың ашылу салтанаты концертпен жалғасты.