Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен облыс әкiмi аппараты басшысының бақылау мен тапсырмаларды орындау мәселелерi бойынша орынбасары болып Әмрин Дархан Өмiрсерiкұлы тағайындалды.
Дархан Өмiрсерiкұлы 1990 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Сергеевка қаласында туған.
2011 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн, С. Сейфуллиен атындағы агротехникалық университетiн экономика және бизнес бакалавры, экономика ғылымдарының магистрi мамандықтары аяқтаған.
Түрлi жылдары ҚР транспорт және коммуникациялар министрлiгiнде, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызмет еткен.
2014 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты құрылымында жұмысын атқарған.
Солтүстiк Қазақстан облыс әкiмi аппараты басшысының ұйымдастыру-шаруашылық мәселелерi бойынша орынбасары болып Аңбаев Руслан Әкiмжанұлы тағайындалды.