Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ 80-жылдық мерейтойын атап өттi

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ 80-жылдық мерейтойын атап өттi

Петропавлда Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ 80-жылдығына арналған салтанатты шара өттi. Жиынға ҚР Бiлiм және Ғылым министрi Ерлан Сағадиев пен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

Салтанатты жиналыс барысында СҚМУ ректоры Серiк Өмiрбаев пен Бiлiм және Ғылым министрi Ерлан Сағадиев сөз сөйлеп, жоғарғы оқу орнының ұжымын, студенттердi және түлектердi мерейтоймен құттықтады. Ерлан Сағадиев 3 солтүстiкқазақстандыққа «Еңбек ардагерi» медалiн табыс еттi. 2 профессор Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгiсiмен, 2 қызметкер «Қазақстан Республикасының ғылымының дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсiмен, 6 оқытушы «Қазақстан Республикасының Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiмен марапатталды.

Университет ұжымын мерейтоймен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов та құттықтады.

«Жоғары оқу орны құрылған күннен бастап елiмiздiң тарихи дамуымен бiрге қайнасып, алдына қойған мiндеттердi абыроймен атқарып келе жатыр. Әсiресе, елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi уақытта университет дамуында жаңа өзгерiстер орын алып, Болон процесiне, Университеттердiң ұлы хартиясына қосылу арқылы әлемдiк бiлiм кеңiстiгiнiң интеграциялану процесiне бет түзедi», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Ұзақ жылғы, адал еңбегi, ғылым мен бiлiм саласындағы жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға қосқан зор үлесi үшiн облыс әкiмiнiң құрмет грамотасы және алғыс хатымен 6 университет қызметкерi марапатталды.

Салтанатты шарада Құмар Ақсақалов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа «Солтүстiк Қазақстан облысының құрметтi азаматы» атағын бердi.

Жиында СҚМУ «Ахмет Байтұрсынов атындағы орденiмен» марапатталды. Ахмет Байтұрсынов атындағы «Алтын медалi», «Күмiс медалi» және «Қола медалiне» бiрсыпыра университет оқытушылары ие болды.

Бiлiм және ғылым саласына қосқан үлесi үшiн Қазақстан Республикасы Жоғары мектебiнiң Ұлттық ғылым академиясының медалi де өз иелерiн тапты.

Салтанатты жиында Манаш Қозыбаевтың жұбайы Сара Қозыбаева да сөз сөйлеп, студенттерге стипендияларды табыс еттi.

Университеттiң 60 шақты студентi мерейтойға арнап флешмоб ұйымдастырды.