СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Түнгi Хоккей лигасында екi шайбаның авторы атанды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Түнгi Хоккей лигасында екi шайбаның авторы атанды

Петропавлдағы Спорт сарайында алғаш рет Түнгi Хоккей лигасының бiрiншiлiгi басталды. Жарысқа әуесқой командалар қатысуда, олардың құрамында мемлекеттiк қызметшiлер, бизнесмендер мен кәсiпорындардың өкiлдерi бар.

Бiрiншiлiктiң ашылуында сөз сөйлеген облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жарыс қызықты әрi тартысты ойындарға толы болатынына сенiмiн жеткiздi.

Мұз айдынына алғаш болып «Қызылжар» мен «Сокол» командалары шықты. «Қызылжардың» құрамында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов ойнады. Ойын тартысты өттi, ек тарап та жеңуге құлшыныс танытты. Дегенмен, бұл күнi қызылжарлық хоккейшiлердiң мысы басым болды. «Қызылжар» «Сокол» командасын 7-1 есебiмен ұтты. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов екi шайба соқты.

Ойыннан кейiн өңiр басшысы хоккей матчы туралы өз ойымен бөлiстi.

«Хоккейдi мен мектеп кезiнен ойнаймын. Бұл ойын маған шыдамды әрi сергек болуға көмектеседi. Түнгi Хоккей лигасының ашылуына ұзақ дайындалдық. Қарсыластарымыз бiз сияқты әуесқойлар. 8 топ сайысқа түседi. Қызықты ойындардың куәсi боламыз деп сенемiн», — дедi Құмар Ақсақалов журналистерге берген сұхбатында.

Түнгi Хоккей лигасында 8 команда ойнайды. Жарыс желтоқсан айының ортасына дейiн жалғасады.