Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiлiм, денсаулық сақтау, идеология және спорт мәселелерi бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мадияр Дүйсенбайұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық унивеситетiн тамамдаған, Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен Чех әлеуметтiк ғылым университетiн халықаралық құқық бакалавры, халықаралық құқық магистрi, экономика және менеджмент мамандықтары бойынша бiлiм алған.
2003–2008 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан жастары конгрессi» жастар ұйымында қызмет еттi. Еңбек жолын жобалар үйлестiрушiсi қызметiнен бастаған.
2008 жылдан бастап, 4 жыл аралығында директор орынбасары, жастар саясаты Департаментiнiң директоры, бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң жастар iсi жөнiндегi Комитетiнiң төрағасы орынбасары лауазымдарын атқарды.
2012-2014 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк бақылау және ұйымдастырушылық- аумақтық жұмыс бөлiмiнiң инспекторы қызметiн атқарды.
2014 жылдан осы тағайындауға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы лауазымын атқарды.