Тағайындау

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Қанат Маратұлы Сәрсембаев Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Қанат Маратұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн екi шет тiлiнде халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша тамамдаған, заң ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылдан «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгерi, қызметiнен бастады.

2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiстер министрлiгiнiң Заң департаментi құқықтық сараптама басқармасының құқықтық мәселелер және құқықтық түсiндiрулер жөнiндегi даулар бөлiмiнiң бас маманы болып еңбек еттi.

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Заң шығару және құқықтық сараптама бөлiмiнiң бас сарапшысы болды.

2005-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi болып еңбек еттi.

2011-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы болып жұмыс iстедi.

2015 жылғы қараша айынан бүгiнгi күнге дейiн Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкiмi болды.