«Мұнаймаш» зауыты 60 миллион теңгеге жаңа қондырғы сатып алды

«Мұнаймаш» зауыты 60 миллион теңгеге жаңа қондырғы сатып алды

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Мұнаймаш» зауытының жұмысымен танысты. «Мұнаймаш» АҚ бас директоры Спартак Пушкарев өңiр басшысына зауытты жаңғырту саясаты туралы баяндап бердi. Қазiр акционерлiк қоғам жаңа технологияларды енгiзу арқылы ескi бiлдектердi жаңа қондырғыларға ауыстыру жұмысын жүргiзiп жатыр. Биыл зауыт соңғы үлгiдегi фрезер бiлдегiн 60 миллион теңгеге сатып алды. Бұл қондырғы мұнай-газ және машина жасау саласына қажеттi жаңа өнiм тiзбегiн шығаруға мүмкiндiк бермек.

«Жаңа бiлдек 5 координат бойынша жұмыс iстей алады. Бiз ұңғымаларды жөндеуге арналған пакер атты бұйымды шығаратын боламыз. Өнiм өте күрделi. Қазақстанда әзiрге мұндай бұйым шығарылмайды», — дедi Спартак Пушкарев.

Келесi жылы зауыт басшылығы жалғаспалы қондырғыларды сатып алуға 100 миллион теңге жұмсамақ. Бұдан алдында кәсiпорын жоғары өнiмдi 12 бiлдек сатып алған болатын. Биылғы жылғы зауыттағы инвестиция көлемi 200 миллион теңгенi құрап отыр.