СҚО зауыттары 161 млрд. теңгенiң өнiмiн шығарды

СҚО зауыттары 161 млрд. теңгенiң өнiмiн шығарды

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов облыстағы iрi 11 кәсiпорынның басшыларымен кездестi. Күн тәртiбiне өндiрiс қуаттылығын арттыру, 9 айдағы жұмыстың қорытындылары және бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi шығарылды.

Өңiр басшысы зауыттардың тапсырыс көлемi 42,4 млрд. теңге құрағанын, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп екенiн атап өттi.

Жалпы өндiрiс көлемi 9 айда 161 млрд. теңгенi құрады. Машина жасау саласы да 2,2 есеге өсiп отыр.

Аймақ басшысы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру қажеттiгiн ескерттi. Әсiресе, жұмысшыларға деген қамқорлық күшейткен абзал. Ең алдымен зауыттардағы еңбекақыны өсiру қажет.

Жиналыс соңында облыс әкiмi бiрқатар тапсырмалар бердi.