СҚО әкiмi базардағы бағаны тексердi

СҚО әкiмi базардағы бағаны тексердi

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдағы «Коммунальный», «Дәрия», «Южный» базарларын және «Семейный» гипермаркетiн аралап, бiрiншi кезектегi тауарлардың бағасымен танысты.

Әсiресе, өңiр басшысын картоптың бағасы қызықтырды. Қазан айында базарларда картоптың бағасы 120-130 теңге болғаны бәрiне аян. Жүргiзiлген талдау мен мониторинг мұндай жағдай көкөнiс өнiмдерiн әкелетiн делдардардың келiсуi және спекуляциялық iс-әрекеттердiң нәтижесiнде болғаны анықталды.

Бағаны тұрақтандыру үшiн «Солтүстiк» әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациясы тұрақтандыру қорына 800 тонна картоп, 100 тонна сәбiз, 100 тонна пияз және 100 тонна орамжапырақ сатып алды.

Қазiр базарларда картоптың бiр келiсi 75 теңге, орамжапырақ 55 тг, пияз 90 тг және сәбiз 88 теңгеге сатылып жатыр.

«Бағаны негiзсiз өсiрмеу бағытында базарлардың басшылары сауда нүктелерiн жалға алушылармен және аудандармен қоян-қолтық жұмыс iстегенi абзал», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, бағаның шарықтауына жол бермеу мақсатында шаруашылықтар облыс орталығына көкөнiстi тiкелей әкеледi. Әр ауданда 100 тонна картоп сақталған. Бұған қоса, апта сайын қаладағы 4 базарда 8 ауданның қатысуымен жәрмеңкелер өткiзiлiп тұрады.

28-шi қазанда облыс орталығында барлық аудандардың қатысуымен үлкен жәрмеңке өтедi. Жалпы көлемi 930 тонна болатын өнiмнiң 100 түрi саудаға шығарылмақ. Өнiмнiң бағасы базармен салыстырғанда 20-30 пайызға төмен болады.