Солтүстiк Қазақстанда өткен жәрмеңкеде мың тоннаға жуық өнiм сатылды

Солтүстiк Қазақстанда өткен жәрмеңкеде мың тоннаға жуық өнiм сатылды

Бүгiн Петропавлда үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi өттi. Оған бүкiл аудандар 100 шақты өнiм түрлерiн әкелдi. 900 тоннадан аса өнiм сатылды. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов саудаға қойылған өнiм түрлерiмен танысып, бағаларды байқады.

Бағаны өсiрмеу мақсатында «Солтүстiк» корпорациясы тұрақтандыру қорына 800 тонна картоп және 100 тоннадан сәбiз, пияз, орамжапырақ сатып алды. Әр ауданда картоптың 100 тонна қоры бар.

«Алдыңгүнi мен қала базарларын аралап, бағаларды байқадым. Базар басшыларымен кездестiм. Бағаны тұрақтандыру үшiн қандай механизмдердi қолдану керектiгiн талқыладық. Түсiнiстiк бар. Базар басшылары сауда нүктелерiн жалға алушылармен бiрлесе жұмыс iстеу қажет», — деп атап өттi өңiр басшысы.