Челябi қаласына жұмыс сапары барысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Челябi мемлекеттiк университетi мен IT-парктың жұмысымен танысты. Құмар Ақсақалов оқу орнының факультеттерiнде студенттердiң IT технологиясы бойынша тәжiрибелерiнiң өту барысын байқады.
«Бiздi жергiлiктi билiкпен жұмыс iстейтiн IT орталық қызықтырып отыр. Қазiр бiз үлкен оқушылар сарайын тұрғызып жатырмыз. Сонда IT орталық құру жоспарда бар», — дедi өңiр басшысы.
Аймақ басшысына желiлiк оқу лабораториясын да көрсеттi. 8 корпустың өмiрiн бақылайтын бөлме де қызығушылық танытты.
Облыс әкiмi IT орталықтың да жұмысымен танысты. Бұл орталықта жас мамандар еңбектенуде. Қызметкерлерге бар жағдай жасалған. Құмар Ақсақалов бұл жер жұмыс процесiн жүргiзуге ыңғайлы екенiн, осындай бизнес аймақты СҚО-да құру керектiгiн баса айтты.