Ауыл еңбеккерлерінің мерекесі атап өтілді

Ауыл еңбеккерлерінің мерекесі атап өтілді

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы қызметкері күні аталып өтілді. Ауыл еңбеккерлерін атаулы мерекемен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, аграрлық сектордың өңір экономикада ерекше орын алатындығын айтты.

Қазір облыстағы 56 пайыз халық ауылда тұрады, 100 мыңнан аса адам ауыл шаруашылығы саласында еңбектенеді. Жалпы экономиканың 25 пайызы аграрлық секторға тиесілі. Алдын ала есептер бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 426 млрд теңгені құрамақ. Майлы дақылдардың алқабы ұлғайды. 5 миллион тоннадан аса бидай қамбаға бастырылды.

Салтанатты жиын барысында өңір басшысы бірқатар солтүстікқазақстандықтарға «Еңбек ардагері» медалі мен «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» кеуде белгісін табыс етті. Аграрлық салға еңбегі сіңген азаматтар облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хатына ие болды.

Өңір басшысы орман шаруашылығы мемекелерінің басшыларына өрт сөндіру көліктерінің кілтін табыс етті.

Жиында әр түрлі номинациялар бойынша үздіктер анықталды.