Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
«Бүгiн облыстық ауруханада жаңа цифрлық ангиограф iске қосылды. Заманауи қондырғыда инсульт пен инфаркт кезiнде күрделi оталар жасалады. Өткен жылы дәл осындай ангиограф кардиоорталықта орнатылды. 1200 астам ота жасалып, жүздеген солтүстiкқазақстандықтардың өмiрi сақталды. Сондай-ақ, миға операциялар жасалына басталды», — деп жазды облыс әкiмi.
Қазiр облыста үш ангиограф бар, төртiншiсi салынып жатқан жаңа көпсалалы ауруханада орнатылады. Осылайша, өңiрдiң осы құрылғыға деген қажеттiлiгiн толық жабылады, өйткенi әлемдiк стандарттарға сәйкес 150 мың адамға 1 ангиографтан келедi.
Жалпы, өткен жылы ауруханалардағы қондырғыларды жаңартуға 12 млрд.тг теңге бөлiндi. Ауруханалар МРТ, КТ, УЗИ, рентген, ангиограф және басқа да маңызды жабдықтармен толықты. Тиiсiнше, медициналық көрсеткiштер жақсара түстi. Мысалы, онкология бойынша өлiм деңгейi 13%, инфаркт бойынша 10% төмендедi. Туберкулезбен ауырғандардың саны 36% азайды. Бұған дәрiгерлердiң кәсiби жұмысы мен заманауи аппараттардың арқасында қол жеткiзiлдi.