Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесi бюросының отырысы өттi. Отырыс барысында 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, Петропавл қаласында және Аққайың ауданында партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы және «Бес институционалдық реформаны iске асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылу барысы әңгiме арқауына айналды.
Отырысты ашқан облыстық партия филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов партия алдында келесi мiндеттердiң тұрғанын атап өттi. Қазiр партия мүшелерi жаңғыртуды қолға алып, өз жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау керек. Облыстық филиал мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуын жiтi қадағалап отыру керектiгiн Құмар Ақсақалов баса айтты. Тапсырмалардың орындалуы жөнiнде мониторинг болған абзал. Мiндеттердi уақтылы iске асыру бойынша әр басшы жеке жауап бередi.
Отырыс соңында марапаттау рәсiмi өттi. ҚР Тұңғыш Президентi қарсаңында партия мүшелерi «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Бiрқатар азаматтар партиялық билетке ие болды.