
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Былғары кентiнде қайта қалпына келтiрiлген дамбаны аралады.
Үкiметтiң қорынан бiздiң облысқа 3,1 млрд теңге бөлiндi. 2,7 млрд. теңгеге Былғары зауыты кентiнде дамба қайта қалпына келдi. Дамбаның ұзындығы 3,1 км, биiктiгi 4 метр. Осының арқасында үйлердi көктемгi су тасқынынан қорғалмақ.
Құмар Ақсақалов кенттiң тұрғындарымен тiлдесiп, оларға көркейту, жолдарды жөндеуге көп көңiл бөлiнетiнiн жеткiздi. Өз кезегiнде, тұрғындар қамқорлық үшiн алғыстарын жеткiздi.
Жалпы, биыл су тасқынын алдын алу үшiн 47 iс-шара жасалды. Оның аясында жолдар мен көпiрлер қалыпқа келдi. Дамбалар салынып, жөнделдi.
«Бiзде су басу қаупi 57 елдi-мекен бар. Онда 100 мыңға жуық адам тұрады. Жол картасы әзiрлендi, қаражат бөлiндi. Жалпы, облыста су тасқынын алдын алуға 3 жылда 7,8 млрд. теңге бағытталады», — дедi Құмар Ақсақалов.