ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпiрде «Масло-Дел» компаниясының жаңа сүт зауыты iске қосылды.
Бұл жобаны iске асыруға 3 млрд.теңге жұмсалды. Өнiм iшкi және сыртқы нарыққа арналған. Сүт зауыты Тетра Пак заманауи қондырғысымен күнiне 320 тонна сүттi өндiре алады.
Кәсiпорын жаңғырту жұмыстарынан кейiн 166 мың тонна шикiзаттi өңдеу көрсеткiштерiмен Қазақстан сүт өндiру зауыттарының арасында екiншi орынға шықты (1 орын — «Фудмастер компаниясы» 536 тонна тәулiгiне).
Жалпы облыста 16 сүт зауыты жұмыс iстейдi. Жаңа нысан iске қосылғасын зауыттардың қуаттылығы 166 мың тоннаға артып, 458 мың тоннаны құрамақ.
2016 жылы облыстың сүт зауыттары жарты миллион тоннаға жуық сүт өндiрген. Республика бойынша 5,3 миллион тонна сүт өндiрiлдi, облыстың үлесi 10 пайыз. Шикiзаттың жартысы қайта өңделдi, бұл 255 мың тонна. Жалпы ел бойынша 1 миллион тонна шикiзат өңделсе, облыстың үлесi 25 пайызды құрайды.
«Жаңа зауытты қосқанда қайта өңдеу көлемi 17 пайызға артады. Биыл бiздiң облыста 555 мың тонна сүт өндiрiледi деп күтiлуде. Оның 64 пайызы қайта өңделген болады. Бiздiң мақсатымыз — сүттi көп өндiрiп, өңдеп, экспортқа шығару», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.
Облыста 72 сүт-тауар фермасы жұмыс iстейдi. Оның 17-сi заманауи талаптарға сай. 2018 жылы тағы 7 сүт кешенi iске қосылады.