
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавлдағы құрылыс алаңдарында болды. Жамбыл көшесiнiң бойында 500 орынға шақталған жаңа театр бой көтередi. Театр неоклассика стилiнде тұрғызылмақ. Өңiр басшысы жаңа театрда кез-келген халықаралық iс-шараларды өткiзуге болады деп атап өттi. 2018 жылы құрылысшылар ғимаратты тұрғызса, ал 2019 жылы iшкi жұмыстарды аяқтайды. Театрға келу жолдары және көгалдандыру да өте маңызды. «Театр қаламыздың көркiне айналуы тиiс», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.
Келесi нысан — Жамбыл көшесiндегi сақалды құрылыс. «Сұлтан» компаниясы 9 қабатты үй мен сауда орталығының құрылысын жалғастырды. Нысанды 2019 жылдың соңына дейiн тапсыру көзделген.
Өңiр басшысы оқушылар сарайы мен теннис орталығының құрылысымен де танысты. Спорт нысаны жылдың соңына дейiн қолданысқа берiледi.
Жамбыл көшесiнiң бойында тұрғын үй кешенi бой көтередi. Құрылыс компанияларының басшылары үйлердi тұрғызу туралы ақпаратпен бөлiстi. Кешенде 698 пәтерге шақталған 3 көпқабатты тұрғын үй салынады. Үйлер 2018 жылы тапсырылады.
Облыс әкiмi көпiрдi қайта жөндеу жұмыстарымен де танысты. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2018 жылдың қараша айында аяқталуы тиiс. Алайда, Құмар Ақсақалов қайта жөндеудi тамызда айында аяқтауды тапсырды. Бұл жерде тұрғындар мен қала қонақтарына арналған көру алаңы да ашылмақ.