Қазiр артемий салина облыстың 17 тұзды көлiнде өсiп-өнедi. Бұл шаяндарға әлемде сұраныс өте жоғары, бiр тоннасының құны 3,5 млн. теңге. Бiр сөзбен айтқанда, табысты бизнес көзi. Алайда, облыста осы күнге дейiн шаяндарды қайта өңдеу бойынша бiрде-бiр өндiрiс ошағы ашылмапты. Бұл мәселе бүгiн облыстық әкiмдiктiң отырысында талқыланды.
«Көлдердi жалға алушылар өсiру және қайта өңдеумен айналысу керек. Бұл экономиканы өсiретiн қосымша өсiм көздерi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Бұған қоса, облыста артемий салина басқа өңiрлерге заңсыз түрде шығарылад. Заңсыз аулауды тыю және шаяндарды қайта өңдеуге инвестор табу — алдағы күндердiң мiндетi.
«Алтай өңiрiнде бұл өндiрiс дұрыс жолға қойылған. Олар жылына 3,5 млрд. теңге пайда табады. Бiзге бұл iске инвесторларды тарту керек», — деп атап өттi өңiр басшысы.