Петропавлда 140 балаға шақталған балабақша қолданысқа берiлдi

Петропавлда 140 балаға шақталған балабақша қолданысқа берiлдi

Бүгiн «Орман» шағын ауданының тұрғындарында үлкен мереке. Бұл ауданда 140 балаға шақталған балабақша салтанатты түрде ашылды. Қуанышты оқиғамен бүлдiршiндер, ата-аналар мен тәрбиешiлердi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Балабақшада 7 топ ашылды, 48 педагог бүлдiршiндерге тәрбие бередi. Аталмыш мекеме мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында тұрғызылды.

Облыста осы күнге дейiн мектепке дейiнгi бiлiммен қамту 99,8 пайызды құраған болатын. Жаңа балабақша ашылғаннан кейiн, бұл көрсеткiш 100 пайызға жеттi.