Солтүстiк Қазақстанда жаңа кешен iске қосылды

Солтүстiк Қазақстанда жаңа кешен iске қосылды

Тәуелсiздiк Күнi қарсаңында облыста тез дайындалатын тағам өндiрiсiнiң кешенi ашылды. Жаңа өндiрiс ошағын облыс әкiмi Құмар Ақсақалов iске қосты. Аталмыш жоба индустрияландыру бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр.

Бұл жобаның алғашқы желiсi 2016 жылдың шiлде айында iске қосылған болатын. Қазiр кеспе жасайтын екiншi желi қосылып отыр. 48 адам жұмыспен қамтылған. Бұл зауыт сағатына 2 тонна өнiм шығаратын қауқары бар. Өндiрiске жергiлiктi ұн қолданылады. Жоба кәсiпкерлiктi қолдау картасына енген. Жалпы, инвестиция көлемi 1,1 млрд. теңгенi құрады.

«Кәсiпорын алдағы уақытта тағы 14 жобаны iске асыруды жоспарлап отыр. Оның сомасы 10 миллиард теңге. 300 жұмыс орны ашылмақ. Бұл ылғалды майлықтар, жуғыш заттар мен санитарлық қағаз өндiрiсi», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Жалпы, облыста индустрияландыру бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда 15 миллиард теңгенiң 25 жобасы жүзеге асып, 700 жұмыс орны ашылды. Бұл өнеркәсiп өндiрiсiн 20 пайызға арттырып, 200 млрд теңгеге жеткiзуге мүмкiндiк бердi.