Облыс орталығында жаңа орталық алаңда жаңажылдық бас шыршаны жағу рәсiмi өттi. Оған облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.
Биыл жаңажылдық қалашық облыстық әкiмдiкке қарсы жаңа орталық алаңда орналасқан. Жаңа алаң мерекелiк шаралардың орталығына айналады, бұл үшiн арнайы үлкен сахна орнатылды.
Петропавл қаласы жаңа жылды қарсы алуға әдемi безендiрiлдi, иллюминациялар орнатылды. Мерекеге балалар мен ересектер жиналды. Барлығын келе жатқан мерекемен өңiр басшысы құттықтады. Облыс әкiмi биыл өңiр жаңа жылды жақсы көрсеткiштермен қарсы алып отырғандығын атап өттi. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, тұрғын үй салу салалаларында жетiстiк мол. Балаларға арналып нысандарда салынуда. Жуық арада теннис орталығы тапсырылады, оқушылар сарайы салынуда.
Мерекенiң басты кейiпкерлерi — аяз ата мен ақшақар. Аяз ата шыршаны жағып, балаларды шаттыққа бөледi. Барлығы жиналып, шыршаны айналды. Бұл шара мерекелiк концертке ұласты.